ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Бәйдібек ауданы жаппай спортпен айналысуды бастады

15:42, 12 қыркүйек 2017

Сапалы адам капиталын қалыптастыру – қазақстандық қоғамның ең өзекті идеясы. Осыны құптаған Бәйдібек билігі Денсаулық акциясын ұйымдастырды. Орталықта бір мезетте бірнеше іс-шара өткізіліп, тұрғындар сыр берген сырқатына байланысты кеңес алды. Ән тыңдап, бір марқайып қалды.

     Шынықсаң, шымыр боласың. Осылай деп ұрандатқан жалынды жастар көпшілікті спортпен шұғылдануға үндеді. Акция барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындар ойнап, салауатты өмір салтын ұстану бойынша маңызды ақпараттарымен бөлісті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар орталығы, спорт мектебі ұйымдастырған шара нағыз бұқаралық акция болды.

      Бұл күн тек салауатты өмір салтын насихаттаумен шектелмеді. Спортта биік белестерді бағындырып, Ел Туын жоғары ұстағандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.  Колледж студенттерінің орталық алаңға шығып, флешмоб ұйымдастыруы мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

       Іс-шара соңы «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылған отбасылық жарысқа ұласты. «Денсаулық фестиваліне» келген тұрғындар осылайша, ұжымдық әлеуеттерін сынап, алып мемлекет шағын отбасымен берік болатынына көз жеткізді.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Спорттық сайыс қала күні мерекесінің көркін қыздырды
13:51, 25 қыркүйек 2017
Спорттық сайыс қала күні мерекесінің көркін қыздырды
Толығырақ...
Ордабасы Ертіс командасынан ұтылып қалды
13:45, 25 қыркүйек 2017
Ордабасы Ертіс командасынан ұтылып қалды
Толығырақ...
Бокстан әлем чемпионы футболда бағын сынап көрді
00:41, 22 қыркүйек 2017
Бокстан әлем чемпионы футболда бағын сынап көрді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...