Дәстүрлі турнир басталды

Шымкентте медицина саласының майталманы Ұябай Мырзалиевті еске алуға арналған турнир бастау алды. Дәстүрлі волейбол жарысы биыл Қажымұхан атындағы орталық стадионда өткізілуде

16:52, 20 наурыз 2017   173

Спорттық сайысқа 10 команда  сақадай сай келіп отыр. Алматыдан арнайы   4 команда , Тараз қаласынан бір, қалғаны жергілікті жігіттерден құралған топ өзара мықтыны анықтайтын болады. Денсаулық саласында салалы еңбек етіп, өз қолтаңбасын қалдырған   Ұябай Мырзалиевті еске алуға арналған турнирдің келер ұрпаққа берері мол, - дейді ұйымдастырушылар. Марқұмның туыстары қаржылай жәрдем беріп, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

КЕНЖЕХАН  Дүйсенбі

 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07