ШҰҒЫЛ! ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАН ҮЙСІЗ ЖҮР Толығырақ

Екі спорт алаңы ашылды

14:07, 17 шілде 2017

Арыста бұқаралық спортты дамыту ісінде ілгерілеушілік бар. Теміржолшылар қаласында қос бірдей жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді. Соған сай, ауданда қазірдің өзінде түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.

Арыста оннан астам спорт алаңы бар. Оның алтауы ауылдық округтерде, бесеуі қалада орналасқан. Жастарды бұқаралық спортпен қамтуда жаңадан ашылған 2 нысанның да рөлі орасан болмақ. 

Мұрат Қадырбек – Арыс қаласының әкімі

Жалпы, мынау спорт – денсаулық халықтын байлығы. Спорт - денсаулықтың кепілі. Сондықтан мынау жастарды, барлығын спортпен айналысуға шақырамын. Елбасы барлық салаға, соның ішінде әлеуметтік салаға аса мән беріп тұр. Және халқымызды барынша спортпен баулу мәселелерін жолдауында айтады.

Жергілікті бюджет қаржысына жабдықталған кіші футбол алаңы көпшілік көңілінен шықты. Спортшылар өздері күткен жарыстарды жап-жасыл, тегіс алаңда алаңсыз өткізетіндеріне қуанады.

Абдулла Сүйінбай – Арыс қаласының құрметті азаматы

Мінеки, көшелеріміз асфальттанып, жөнделіп, мөлтекауданның ортасынан спорт алаңшасы ашылып отыр. Жасөспірімдерге келешекте спортпен айналысуға, шеберліктерін шыңдауға барлық мүмкіндіктер болып отыр.

Спорт алаңшасында түрлі үйірмелер жұмысын шебер үйлестіруге болады.  Кім, қай үйірмені қалайды? Барлығына есік ашық. Азаматтар Елбасы мақаласы жолымен елге қарайласқан қамқор жандарға ақ батасын арнады.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
16:53, 24 сәуір 2018
МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН «КАНЕЛО» ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ
12:39, 24 сәуір 2018
ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН «КАНЕЛО» ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
16:14, 19 сәуір 2018
ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
Толығырақ...
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...