ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

17:44, 19 қыркүйек 2019

Бүгін Түркістан облысының әкімі кезекті іс-сапарын Түлкібас ауданында жалғастырды. Өңір басшысы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданында жекеменшік-әріптестік аясында бой түзеген "Ер Жәнібек" атындағы сауықтыру - дене шынықтыру спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар Мейрамбек Айнағұлов пен Асхат Ділмұханбетов, Эльмира Сыздықова Токио олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

ТҮЛКІБАСТА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖАНДАНУДА

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең алдымен түлкібастықтардың игілігіне берілген "Ер-Жәнібек" атындағы спорттық сауықтыру кешенін аралап көріп, жергілікті халықтың бұқаралық спортпен көптеп шұғылданулары үшін кешеннің қолжетімді болуына тоқталды. Заман талабына сай бой түзеген бұл кешен былтыр Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Түлкібас ауданы әкімдігі, сонымен қатар, «Тұран спорт Групп» компаниясымен үш жақты келісімнің нәтижесінде салынған болатын. Өңір басшысы "Туған жер" мемлекеттік бағдарламсының жүзеге асырылуы үшін жергілікті кәсіпкерлердің бұған көптеп ат салысулары қажет екендіктерін айтты. Мұнда қазір ауыл жастары спорттың 5 түрімен айналысып, кәсіби спортқа тартылуда. Облыстық спорт басқарамасының басшысы Полат Қырықбаев аудан, ауыл спортын дамытуда жаңаша реформалар жүргізіп жатқанын айтты. Бұл ретте алдағы кезде спорт орталықтары көбеймек.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

Сонымен қатар, қазіргі таңда Елордамызда тұңғыш рет өткізіліп жатқан еркін, грек рим және әйелдер күресінен дүниежүзілік бәсекеде Түркістан облысының шәкірті Мейіржан Шермағамбетовтің жолы болмады. Балуан алғашқы айналымда американдық Элис Колеманмен белдесіп, сәтсіздікке ұшарады. Еске сала кетсек, түркістандық балуан бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Қазақстанның басты үміті 77 келідегі Асхат Ділмұханбетов Токио олимпиадасының жолдамасын қанжығасына байласа, 60 келіде сынға түскен Мейрамбек Айнағұловта 2020 жылы өтетін кезекті жазғы олимпиада ойындарын еліміздің намысын қорғамақ. Ал, әйелдер күресінен 76 келіде үкілі үмітті ақтаған Эльмира Сыздықова да төртжылдықтың басты додасында белдеседі.

Нұрсұлтан   Әбдірашит               

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗДЕСЕДІ
12:41, 19 қыркүйек 2019
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...