ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП

13:14, 16 тамыз 2019

Ережесіз жекпе-жек - әр қазақтың қанын қайнатып, көзін жайнататын спорт түріне айналды. Себебі, шаршы алаңда атой салып, көк туды желбіретіп жүрген аға буын жетерлік. Панкратион – греплинг федерациясының буревестник залында болашағынан үлкен үміт күтіретін жастар көп. Өйткені бұл спорттық мекемеден де талай мықтылар шыққан.

22 жастағы Абзал жас болса да халықаралық түрлі жарыстардың жеңімпазы. Еркін күрестен де әлем мықтыларының жауырынын жерге тигізген. Сөйтіп ережесіз жекпе-жекке келді. Қазір панкратион – греплингтен түрлі жарыстарда көрініп жүр. Соңғы бағындырған шыңы 58 келі салмақта греплингтен Азияның чемпионы атанды. Әлі де болашағынан үміт көп.

Бұл Буревестник залында шаһар спортшылары аптасына бес күн жаттығады. Тынымсыз еңбектенеді. Аянбай тер төгеді. Жарыс жақындағанда спортшылар күніне екі мезгіл уақытын осындағы жаттығуға арнайды. Себебі, жаттықтырушылардың ерен еңбегі спортшылардың жетістігімен өлшеніп жатады. Сол үшін де аянып қалмауы керек. Одан бөлек намыс, қайрат, жігір сынды қазақ жігіттерінің қайтпас қайсарлығы тағы бар. Федерация басшысының айтуынша бұл залдан да елдің мерейін үстем етіп жүрген мықтылар көп шыққан. Бүгінде соларға електейтін жастардың қатары артқан.

Мұндағы әр жігіттің арманы - үлкен арена. UFS шыңынан көріну. Көк туды желбіретіп, елдің абыройын асқақтату. Сол үшін де барлық күш – жігер тыңғылықты жаттығуға сарқылады.  Ал, жаттығуы жақсының бағындырары да көп болмақ.

Н. МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
 ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗДЕСЕДІ
12:41, 19 қыркүйек 2019
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...