ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗДЕСЕДІ

12:41, 19 қыркүйек 2019

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары өтеді. Елордалық «Астана» командасы атақты «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтедпен» алаңға шығады. Ал бокстан Қазақстан құрамасының алты спортшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы спорт топтамасында толығырақ.

Роман Григорчук шәкірттері бұл ойынға тыңғылықты дайындалды.  Астана»    құрама командасы Англияға сейсенбі күні барып, Манчестер қаласындағы стадионда жаттығуларын өткізді. Елорда командасында жарақат алған  футболшылар жоқ. «Астана» ойыншылары жауапты матчқа дайын екендерін мәлімдеді. Жартылай қорғаушы Антонио Рукавина қарсыластың атақ-даңқынан жасқанудың қажеті жоқ есептейді. Ал «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері бұл ойында жастарға мүмкіндік беріп отыр. Яғни «Астанаға» қарсы алаңға қосалқы құрамда отырған футболшылар шығады. Атап айтқанда, екінші қақпашы Серхио Ромеро мен жас ойыншылар Аксель Туанзебе, Мэйсон Гринвуд негізгі құрамда ойнайды. «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» арасындағы матч бүгін түнгі бірде басталады.

 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: АЛТЫ БОКСШЫМЫЗ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА 

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан шаршы алаң сайысында Сәкен Бибосынов армениялық қарсыласынан 4:1 есебімен айласын асырды. Енді ол финалдық жолдаманы үндістандық былғары қолғап шеберімен сарапқа салады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов доминикандық боксшының осал тұсын тапты. Абылайхан жартылай финалда ресейлік Андрей Замковоймен кездеседі. 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет армениялық спортшыны еліне қайтарды. Ол келесі жекпе-жегін филиппин жігітімен өткізеді. 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетовті жартылай финалда олимпиада және әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар де Ла Круз күтіп тұр. Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев та жарысты жалғастырады. Ал 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев өзбекстандық Мырзахилиловқа есе жіберді. Бұдан бөлек Зәкір Сафиуллин де біріншілікті ерте аяқтады.

Н. Мұхамеджанұлы                                    

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...