ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Фестиваль - көпшілік қолдауына ие

17:46, 11 қыркүйек 2017

«Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!». Елбасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын қолдау акциясы Шардарада да көпшілік қолдауын тапты. Оған қала және ауыл округтерінен 1000-ға тарта адам қатысты. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бауыржан Шомпиев – Шардара ауданы әкімінің орынбасары

  • Елбасының сөзімен астасып жатқан «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты фестивальге барлығыңыз белсене қатысады деген сенімдемін. Бүгінгі фестивальді ұйымдастырушыларға, оған қатысушыларға алғыс айта отырып, баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларына береке, жұмыстарыңызға, мына оқушыларымызға сабақтарына табыс тілеймін.

       Іс-шараға қатысушылар «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда», «Салауатты өмір салтын ұстанайық» деп ұрандатып, Әшіров көшесінен Төле би көшесіне дейін жаяу жүріп өтті. Ал, аудандық емхана қызметкерлері орталық стадионда «Денсаулық қалашығын» құрып, қатысушыларға тегін қызмет көрсетті.

Базаркүл Юсупова  - Шардара аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі

       Осылайша, фестивальде денсаулықты нығайтатын бірнеше спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Қатысушылар гимнастикалық жаттығулар жасап, №16 колледж студенттерінің флешмоб биінен шабыт алды. Бұдан бөлек, футбол, волейбол, кір тасын көтеру, қол күрес сынды сайыстарға да белсене қатысты. Жиын соңы «Адам денсаулығы - қоғам байлығы» ұранымен әуеге шар ұшыру рәсімі арқылы түйінделді.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

Көкпардан жарыс: Аққұм жұрты атқа қонды
15:19, 22 қараша 2017
Көкпардан жарыс: Аққұм жұрты атқа қонды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...