ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

КАРАТЭ- ДО ШОТАКАННАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

13:02, 23 қазан 2018

Жоғары спорт шеберлігі кешенінде карате до шотаканнан жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты аяқталды. Сайысқа республикамыздың он облысынан 700-ден астам спортшы қатысып,ел чемпиондарын анықтады. Қорытындысында Түркістан облысының спортшысы бұған дейін Азия чемпионы атанған Құлажан Олжас үш дүркін ел чемпионы атанды.

Каратэ спорты олимпиада ойындарына енгелі оған деген мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық артқан. Қазір жекелеген  спортшылар Токио олимпиадасына қатысу үшін рейтінгтік жарыстарға қатысуда.Жуырда облыс мақтанышы София Берулцова  әлем чемпионы атанды. Ал өңірімізде өткен  ел чемпионатына жастар мен қыздар арасында   жеңімпаздар анықталды. Өзінің дайындығын лайықты көрсете білген түркістандық талантты спортшы Құлажан Олжас қарсылас шыдатпады. Азияда нөмірі бірінші спортшы өз бабында екен. Қыздар арасында жерлестеріміз ерледі. Атап ай       тқанда Бақтияр Тоқсейтов баптайтын Айжан Бакирова. Аружан Бекмұрат,Әсел Қанай жекпе-жектерін сәтті аяқтап жеңіс тұғырына көтерілді. 14 жастағы Жансұлтан Мырзалы  аса ауыр салмақта  чемпион атанды. Облыс құрамасының аға бапкері атанған Намазбай Әбдіқұлов республикалық жарыста лайықты орын алуға мүмкіндік бар деді.

Халықаралық күрес турнирі өтеді.

Түркістан облысында тағы бірі ірі халықаралық турнир өтеді. Ертең Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде,еркін күрестен Кеңес Одағының Батыры,Шығыстың айбынды Генералы атанған Сабыр Раxымовты еске алуға арналған xалықаралық турнирдің тұсауы кесіледі. Жастар арасындағы аламан күрес додасына Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Тәжікстан және Қазақстанның барлық облысының балуандары қатысады.Жарысты өткізуші,облыстық №1 олимпиада мектебі жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін жан –жақты жұмыстар атқаруда. Кезінде Әли Бектаевтың бастамасымен Орта Азияда ірі турнир болып саналатын балуандар белдесуі өз биігінен көрінуді мақсат етеді. Батырдың туған өлкесі Қазығұрт ауданының азаматтары да жарысқа атсалысуда.Жеңген балуанға Қазақстанның спорт шебері атағы беріледі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН  ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА  ІРІКТЕУ ӨТТІ
12:57, 14 қаңтар 2019
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН  ТУРНИР
12:32, 8 қаңтар 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР
Толығырақ...
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:58, 10 желтоқсан 2018
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...