ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

12:57, 14 қаңтар 2019

Бәйдібек аудандық спорт кешенінде қазақ күрісінен ел чемптонатына іріктеу өтті. Дүбірлі додада 2004-2005-ші жылы туылған жасөспірімдер бақ сынады. Айта кетейік, іріктеу турниріне облысымызың барлық қала аудандарынан жалпы саны 19 команда қатысты.

Қазақ күресінен облыстық іріктеу жарысына 9 салмақ дәрежесінде 225 спортшы өзара үздіктерін анықтады. Палуандардың барлығы мықты дайындықпен келген. Осалы жоқ. Ел чемпионатына өнер көрсетуге барлығы да үмітті. Сондай-ақ, турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев қатысып, жас палуандарға сәттілік тіледі.

БАҒДАТ ЖАНҒАЗИЕВ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ел чемпионатының іріктеуінде 38 келі салмақ дәрежесінде Ордабасы ауданынан Әділет Ілесбек, 42 келі салмақ дәрежесінде Түркістан қаласының палуаны Ерасыл Ахметов, 46  келі де Бәйдібек ауданының палуаны Айсұлтан Қасенұлы, 50 келі салмақта Бәйдібектік палуан Бағдар Оралбай, 55 келі салмақ бойынша тағы бір Бәйдібектік палуан Бейбарыс Исахан үздіктер қатарынан көрінді. Ал, 60 келі салмақта Отырар ауданының спортшысы Мақсат Салмұрат, 66 келі де Бексұлтан Қалмұрза, 73 пен 73 -тен жоғары салмақта Керім Тұрлыбек пен Асылжан Кәрім жүлдеге ие болды.

Қайрат Пазылбек – Түркістан облысының аға жаттықтырушы

Жеңімпаз палуандарға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс хаттары» табыс етілді. Ал, Алматы да өтетін ел чемпионатына Бйдібектік Айсұлтан Қасенұлы, Бағдат Оралбай, Бейбарыс Исахан, Дархан Сағынбек, Диас Ахмет және Сардар Әбдісамит жолдамаға ие болды.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН  ТУРНИР
12:32, 8 қаңтар 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...