ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Қазақстан спортында - жаңа реформа

15:49, 12 қаңтар 2018

Биылдан бастап, еліміздің спорт және дене шынықтыру саласын қаржыландыру жаңа жүйе бойынша іске асады. Демек, дамушы спорт түрлеріне деген көзқарас өзгереді. Бұл жайында құрама спортшыларымен болған кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Нұралықызы Жайылғанова кеңінен айтып берді.

2018 жыл қазақстандық  спортшылар  үшін  жақсы  жаңалықпен  басталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер»  атты Жолдауы әрбір қазақстандықтың жүрегіне жылы ұя салды. Саңлақ спортшы ұл-қыздар бірауыздан мемлекет басшысының стратегиялық бағдарламасын қолдайды. Өйткені, мемлекет басшысының қазақ спортына деген жоғары қамқорлығы Жолдауда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары қабылдаған «Спортты дамытудың жаңа бағдарламасында»  айқын көрініс тапқан.  Шымкентке  арнайы келген Мәжіліс депутаты Анар Жайылғанова Заңдағы өзгерістер жайын оңтүстікқазақстандық спортшылармен, бапкерлермен ортаға салды.

Анар Жайылғанова  - ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты

-Спорт – жастарды патротизмге тәрбиелейді. Бұл ретте,  Қазақстанның атақ-даңқын дүние жүзіне паш етіп келе жатқан жеңімпаз спортшылармен кездескеніме өте қуаныштымын. Халық қалаулыларының қатарында кезінде өздері де спорт саласында тер төгіп,  бүкіл дүние жүзіне мемлекетіміздің мерейін үстем еткен Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ольга Шишигина мен Лондон олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев бар. Әріптестерімізбен бірге дене шынықтыру және спорт саласының Заңнамамалық құжаттарын әзірлейміз.

Спорт арқылы жас ұрпақтың санасын жақсартуға, оларды Отан сүйгіштікке баулуға болады. Бұл мемлекет үшін де,  ата-ана үшін де басты құндылық,  Басқосуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, саңлақ спортшылар мен бапкерлер қатысты.

Балғабай  Елшиев – Облыстық  кешенді  жоғары спорт  шеберлігі мектебінің  директоры

 - Егемен  еліміздің   экономикасы  қарқынды  дамып, әлеуеті  жақсарған  тұста Ел  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік  маңызы  бар  құжатын  барша  қазақстандықтар  қолдайды. Одан  тек  жақсылықтар   күтеді.

Спортпен  шұғылданғандардың  бәрінің  бірдей бағы  жанбаса  да, қоғамдық  өмірде өз  орындарын  тапқан азамат  болып  қалыптасады. Осыны екшеген даңқты боксшы, бокстан  Қазақстан  ұлттық  құрама  командасының байырғы капитаны Нұржан  Сманов Жолдау жайында өз пікірін білдірді.

Нұржан Сманов – ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Шымкент қаласының құрметті азаматы

Ал, ел  мүддесін  қорғауды  мақсат  еткен  спортшы  ұл-қыздарымыз бағдарламаның  жүзеге  асырылуы  жолында  аянбай  еңбек  етуде.

Спортшыларды үш бірдей дүбірлі дода күтеді

Биыл ел спортшылары кешенді үш бірдей ірі халықаралық додаға қатысады. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы олимпиада ойындары басталады. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында олимпиада ойындары өтеді. Сонымен қатар Индонезияның Джакарта қаласында Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Байрақты бәсекеде саңлақтардың бағы жансын!   

АҚМАРАЛ Көпжасарова                                          

Тақырып бойынша материалдар

 III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
13:48, 12 қазан 2018
III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ И...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...