ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ

18:16, 25 сәуір 2018

Шымкенттегі орталық атшабарда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай... қазақтың ұлттық спорты - көкпардан облыс чемпионаты болып өтті. Тартысты дода... даңқты шабандоз, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы Шымырбай Әуезбаевтың жүлдесіне арналды. Аламанға... облысымыздың 11 ауданынан команда қатысты. Сонымен қатар, бүгін... Локомотив стадионында футболдан облыс әкімінің кубогі жолындағы жарыс аяқталды. Теңбіл доп додасына еліміздің барлық облысы мен Қырғызстанның командасы қатысты.

КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ

Қазақтың төл спортын дәріптеу, саңлақтардың ел чемпионатына дайындығын пысықтау міндеті...  туған жер тұлғасын ұлықтаумен сабақтасты. Шымырбай Әуезбаев облысымыздағы ат спортын дамытуға үлес қосып келе жатқан байырғы шабандоз. КСРОНЫҢ 7 дүркін жеңімпазы бүгінде жастарды көкпарға баулып, тамырымызға тартуда. Кезінде талай доданы жарып шыққан шебер көкпаршының тәжірибесі қай кезде болмасын,  жас спортшыларға үлгі.

Іріктеу сайысында таулы аймақтың шабандоздары шепті бұзып, жүлде алды. Өйткені, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас төсі мал шаруашылығына бейім. Көкпарды өркендетуге қолайлы.

Ақтық бәсекеде Төлеби ауданы мен Түлкібас ауданының жастары кездесіп, төлебилік шабандоздар 3-0 есебімен жеңді.

ФУТБОЛДАН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

«Локоматив» стадионында футболдан жасөспірімдер арасында облыс әкімінің кубогіне арналған халықаралық жарыс болып өтті. Оған елімізбен қатар, көрші Қырғызстан республикасынан 22 команда қатысты. Облыстық футбол мектебі ұйымдастырған шара Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттады. Ақтық сында «Ордабасы» командасының ізбасарлары Алматының «Қайрат» командасының академия спортшыларын ұтып, бас жүлдеге иелік етті. Ал, Қырғызстанның «Дордой» командасынан айласын асырған «Тараз» футболшылары жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында футболды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы... мектеп және колледж оқушыларының спартакиадасын өткізіге мол мүмкіндіктер беріп отыр. Олимпиада мектебінің ізбасарлары биыл тұңғыш рет ел чемпионатында бағын сынауда. Жастарымыздың аяқ алысы футбол мамандарынының оң баға алды. Республика бойынша ең көп футболшы біздің облыстың еншісінде. Осы бағыттан таймаса, аяқ доп шеберлері ертең ел намысын абыроймен қорғайды деген сенім бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

 «ОРДАБАСЫ» КОМАНДАСЫНДА - ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ
12:40, 2 тамыз 2018
«ОРДАБАСЫ» КОМАНДАСЫНДА - ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...