ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12:58, 10 желтоқсан 2018

Алматы қаласында спорттың алты түрінен конфедерация кубогының жеңімпаздары анықталды. Түркістан облысының боксшылары мен таеквондо шеберлері ақтық сында қарсыласқа есе жіберді. Сонымен қатар таеквондодан жасөспірімдер арасында жарыс аяқталды.

Жекпе-жек және күрес түрлерінен командалық бәсеке жыл бойына жалғасын тапқан болатын. Алматыдағы ақтық сында бокс, таеквондо,еркін, греко-рим,қазақ және дзюдо күрестерінен жеңімпаздар белгілі болды. Бокстың финалында Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы былғары қолғап шеберлері қолғап түйістіріп 5-4 есебімен Ақтаулық боксшылар басым болды. Мәселе бапта емес басқада болған секілді. Бұл сайыста команданы бастайтын  көшбасшы болмады. Таеквонда шеберлері де дәл осы күйді кешті. Атырау облысы бірінші рет дзюдодан жеңімпаз атанды. Қарағанды облысы Қазақ күресінен, Алматы облысы греко-рим күресінен, Шығыс Қазақстан еркін күрестен жеңімпаз атанып, командалар бас жүлдеге тігілген 25 млн теңгеге ие болды. Осымен үшінші рет осы жарыста жеңіске жеткен Маңғыстау облысында бокстағы жеңіс кубогы мәңгілікке сақталып қалады.

ТАЕКВОНДАДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК АЯҚТАЛДЫ

Шымкенттегі «Тұмар» спорт кешенінде таеквондадан жасөспірімдер арасында №18 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ашық біріншілігі өтті. Сайысқа өңірлерден іріктелген 80 тарта жас шеберлер қатысып өз мүмкіндіктерін саралады. Жарыстың бас төрешісі Азамат Төлепбергеновтың айтуына қарағанда жасөспірім спортшылар осындай жарыстардан шыңдалып,өздерінің шама шарқын біле алады.

Екі күнге созылған сайыс қорытындысында 27 келі салмақ дәрежесінде Қарақат Бектұрқызы ерекше өнерімен танылды.Осы жас ерекшелігінде ол құрамаға мүше болып алынды.

ҚАРАҚАТ БЕКТҰРҚЫЗЫ - ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жекпе-жектердің қорытындысында Дүйсенбай Мергенбаев басқаратын №18 ші олимпиада мектебінің жас қырандары бас жүлдені жеңіп алды. Шымкент қаласы мен қатар Сайрам ауданының спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Енді құрамаға алынған жас таланттар республикалық жарысқа аттанады.

Ілияс ЖОЛДАС                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...