ҚР IV Жастар спорт ойындары. Қарағандылықтардың айбары мықты

Шымкенттегі «Қажымұхан» атындағы орталық стадионда кеше Қазақстан Республикасының IV Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 96 спортшы келді

13:13, 21 сәуір 2017   360

Жастар ойындарын өткіздегі басты мақсат  –  кейінгі буынның спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.

Сейітжан Жанысбаев – Облыстық бокс мектебі директорының орынбасары

Диана Қалдыбекова Қарағанды қаласынан келіп отыр. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Алғашқы кездесуінде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келген Гаукария Рахаевамен шаршы алаңда қолғап түйістірді. Ұпай санымен жеңіске жеткен Диана жарыс жеңімпазы болуды көздейді.  

Диана Қалдыбекова – Жарысқа қатысушы

Аталмыш додаға республиканың барлық облысынан ең мықты спортшылар жиналды. AIBA ережелері бойынша өтетін турнирде 1997-2000 жылы туылған қыздар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Сайыс төрешілері – әлемге танымал тұлғалар. Наталья Цой төрағалық тізгінін ұстауда. Кәсіпқой маман Халықаралық дәрежедегі төреші ретінде Рио олимпиадасында судья болған. Жарыс 5 күнге созылады. Ақтық мәре сәуірдің 24-іне жоспарланған.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит    

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07