ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

Мемлекеттік қызметкерлер шағын футболдан жарысты

18:34, 18 наурыз 2017

Салауатты өмір салтын ұстануды әркім өзінен бастағаны абзал. Шымкенттің мемлекеттік қызметшілері осылай деп, шағын футболдан жарыс өткізді. Оған аудандық прокуратура, сот, ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен салықшылар, әкімдік өкілдері тегіс қатысты

Турнир 5 команда арасында тартысты өрбіді. Жарыста жүлделі орындардан бөлек, үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы аталымдары бойынша марапаттау  көзделген. Алғашқылардың бірі болып, алаңға Әділет саласының қызметкерлері шықты. Қарсыластар  осал түсіп, есе жібермеуге тырысты.

Сәбитжан Акбаров – Абай аудандық әділет басқармасының басшысы

Бұл жиынды біз әрдайым мерекенің алдында өктіземіз. Бүгінгі жарысымыз 22-ші наурызға қатысты өтіп жатқан жарыс. Жалпы біз салауатты салт дәстүрін қолдаймыз,Әрдайым осындай жарыстарды ұйымдастырып тұрамыз.

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. Футбол алаңына шыққан мемлекеттік қызметкерлер кәсіби спортшы болмаса да, барын салуға тырысты. Турнир Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына  орайластырылды.

Сержан Айнабеков – Абай аудандық сотының судьясы

Біздің жұмысымыз отырып, жұмыс істейтін болғандықтан, осылай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кішкене болса да жүгіріп, спортқа деген бейімділігімізді көрсету керек. Барлық командаға сәттілік...

Айта кететін жәйт, бұл жолғы турнирдің ережесі өзгеше. Турнир кубогі – ауыспалы. Яғни, жарыс қорытындысы бойынша қай команда жеңіске жетсе, сол құрамға келесі турнирді өткізу міндеті жүктеледі.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                                 

Тақырып бойынша материалдар

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕЛ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС
12:33, 22 мамыр 2018
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕЛ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС
Толығырақ...
АУЫР АТЛЕТИКА МЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ХХ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
16:54, 21 мамыр 2018
АУЫР АТЛЕТИКА МЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ХХ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...