ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

«Ордабасы» ел кубогінің келесі сатысына жолдама алды

15:13, 20 сәуір 2017

Футболдан Қазақстанның 16 командасы іріктеу турындағы ойындарын өткізді. Петропавл қаласына барып, өнер көрсеткен «Ордабасы» жергілікті «Қызылжарды» 1:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, оңтүстікқазақстандық футболшылар ширек финалға жолдама алды. Ал, осы күні премьер-лига командаларымен күш сынасқан «Қыран» да, «Мақтаарал» да кубок жолындағы жарыстан шығып қалды. Шерхан Орынбек толықтырып айтады

Ел кубогіне «Қызылжар» үлкен жоспармен келген. «Ордабасыны» ұту бірінші лига жеңімпазының  негізгі мақсаты еді.   Ойынның алғашқы минуттарында  алаң иелерінің сапындағы үздік футболшы Кулибали қақпаға қанша оқталғанымен,  есеп аша алмады. «Ордабасы» сапындағы Адырбеков ойынның екінші кезеңінің 59-шы минутында  сол қанаттан жылдам шабуыл бастады.  Оның өз ойыншыларына тастаған добын, айып алаңының ортасында тұрған «Қызыл-Жар» қорғаушысы қолмен қайтарып,  ойын ережесін өрескіл бұзды. Осы жерден белгіленген 11 метрлік айып соққысын  Гогуа тамаша орындады. Ұпай - орбасылықтарда. 0:1.  Бас  бапкер Владимир Фомичов жаттықтыратын жергілікті футболшылар  есепті өзгертуге күш салғанымен, «Ордабасы» өзінің дәрежесі жоғары команда екенін дәлелдеді. Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин  жеңістің оңайшылықпен келмегенін айтты.  «Ордабасы» осылайша Ел кубогінің ширек финалына жолдама алды.

«Қыран», «Мақтарал»  қарсыластарынан жеңілді

Шымкенттіктермен қатар өнер көрсеткен облысымыздың «Қыран» командасы Қажымұхан атындағы орталық стадионда   «Атырау»  командасынан 1-2 есебімен ұтылды. Бірінші  таймның  алғашқы  минутында «Қыран» сапынан жас футболшы Айдар  Жақсыбек  өз  жанкүйерлерін  қуантты.  Ал, Атакентте  Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 4-1 есебімен ойсырай ұтылған  Қуаныш Қарақұлов баптайтын «Мақтарал» футболшылары жарыс жолынан шығып қалды. Есесіне Талдықорғанның «Жетісуы» бас жүлдеге үміт артқан «Астананы»  2-1 есебімен ұтып,  үлкен мүмкіндікке ие болды.

 «Ордабасы»  «Тобылмен» кездеседі

Енді жерлестеріміз сәуірдің 23-і күні,чемпионаттың 8-ші турында өз алаңында турнир кестесінің төртінші сатысында үзеңгі қағыстырып келе жатқан Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды. Бұл кездесу шымкенттік футболшылар үшін  аса  маңызды болмақ.

ШЕРХАН Орынбек     

Тақырып бойынша материалдар

Сарыағаш ауданында тұңғыш рет ауыр атлетикадан жарыс өтті
16:51, 15 желтоқсан 2017
Сарыағаш ауданында тұңғыш рет ауыр атлетикадан жарыс өтті
Толығырақ...
 «Қаратау» ЖШС-і спорттық жарыс ұйымдастырды
16:42, 15 желтоқсан 2017
«Қаратау» ЖШС-і спорттық жарыс ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...