ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

«Ордабасы» өз алаңында «Таразды» жеңіп, үш ұпайға ие болды

17:51, 11 қыркүйек 2017

Футболдан ел чемпионатының 26-турында «Ордабасы» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Жерлестеріміз тараздық футболшылардан басым түсті. Ойындағы жалғыз голды Ковальчук соқты.

      Матч мерекелік көңіл күймен басталды. «Қажымұхан» атындағы орталық стадионның самаладай жарқыраған шамдары футбол сүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Осыны сезінген алаң иелері алғашқы шабуылын өздері бастады.Кездесудеге аса белсенді футболшы Ковальчук қапталдан Петракқа пас шығарды. Алайда қонақтардық қорғаушысы тосқауыл қойып допты алаңнан тысқары шығарып жіберді. Келесі бір сәтте тағы сол Петрак 30 метрдей жерден жойқын соққы жасады. Тағы да мықтылық танытқан қақпашы Джурохан Бабаханов допты қақпаға дартпады. Ұмтылған алмай қоймайды. Ойынның бірінші кезеңінің аяқталуына 4-минут уақыт қалғанда «Ордабасы» ойыншылары кезекті шабуылын бакстады. Оң қанаттан айып алаңына пас шығарған Бочаровтың добы қорғаушылардың бірінен кейін қайтты. Осы допты айналдыра тепкен Ковальчуктің соққысы қақпа торынан бірақ шықты.Есеп 1-0

      Екінші таймда Мане сынды «Тараз» командасының шаршамайтын шабуылшылары бірнеше ұтымды сәтті дұрыс пайдалана алмады. Ол қақпашымен жекпе-жек шығып допты әуелете теуіп жіберді. Тағы бір сәтте команда капитаны Амирхановтан пас алған Морис қақпашымен жеке шығып өз ойын іске асыра алмады. Оның соққысын қақпашы Нурмұхамедов шеберлікпен алып шықты. Алаң иелерінің сапында алаңға алмасып шыққан Каньяс пен Нөсербаев таблодағы есепті өзгертуге ықпал ете талмады. Екінші таймның соңына қарай «Ордабасы» тығырыққа қатты тірелді. Осындай қолайсыздықтардан неден болып жатқанын талдайтын боламыз-деді,ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин. Енді жерлестеріміз екі кездесуін сырт алаңда өткізеді.

ИЛИЯС Жолдас

Тақырып бойынша материалдар

ТӨЛЕБИДЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
18:13, 21 ақпан 2018
ТӨЛЕБИДЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...