ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» «ЖЕТІСУДАН» ЖЕҢІЛДІ

12:53, 15 мамыр 2018

Футболдан премьер-лига командаларының 10-шы турдағы ойындары болып өтті. Талдықорғанда «Жетісумен» күш сынасқан «Ордабасы» 4:2 есебімен ұтылды. Бұған дейін қаржылық қиындықтарға байланысты Еуропа лигасынан шеттетілген команда... тағы да тығырыққа тірелуде.

Әр тур сайын ойыны қиындап келе жатқан «Ордабасы» командасы үшін «Жетісумен» болған дода тағы бір сынаққа айналғандай. Өйткені, алаң иелері  асқан дайындықпен келгенін бірінші минуттан көрсете бастады.  Дмитрий Огай шәкірттері қос қанаттан қыспаққа алды. Нәтижесінде ойынның 28-ші минутында  Милан Бойович Камо Огенесянның пасын голға айналдырды. Есеп 1-0.

Арада аз уақыт өтпей «Ордабасы» қорғаушылары қақпашының айып алаңына ентелеп кіріп келе жатқан Огенесянды шалып құлатты. Осы жерден белгіленген 11 метрлік айып добын Бойович мүлт жібермеді. Есеп 2-0

 «Дәніккеннен- құныққан жаман» демекші, «Ордабасының» осал тұсын тауып алған Бойович тағы сол Армян  Огенесян екеуі пас алмасып келіп, үшінші голдың авторы атанды.

Георги Дерменджиев шәкірттері 55 минутта ғана... ойынға алмасып кірген Джугаури Джамбулидің арқасында есеп айырмасын қысқартты. Есеп 3-1.

Куклус Мантас есепті өзгертті. Төртінші голдың  иесі атанды. «Ордабасы» үшін күйзелген жанкүйерде есеп жоқ. Таблодағы есеп 4-1

Дегенмен, соңына дейін күрескен Джамбули  ойын аяқталып, қосымша берілген уақытта екінші голын соқты. Қорытынды есеп 4-2

Матч соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Георги Дерменджиев, «Тіпті не айтарымды білмеймін. Бұл биылғы маусымдағы команданың ең әлсіз ойыны болды. Команда бірінші таймда тіпті қарсылық көрсете алмады»-деді.

Енді жерлестеріміз 23-мамыр күні өз алаңында Алматының «Қайрат» командасымен кубоктық ойындар өткізеді. Жанкүйер жақсы нәтижеден үмітін үзбек емес.

ІЛИЯС Жолдас                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН  ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА  ІРІКТЕУ ӨТТІ
12:57, 14 қаңтар 2019
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН  ТУРНИР
12:32, 8 қаңтар 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР
Толығырақ...
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:58, 10 желтоқсан 2018
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...