ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Ордабасылық футболшылар Қазақстан құрамасына енді

13:45, 18 наурыз 2017

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк құрамаға мүше футболшыларды анықтады. Облыс мәртебесін көтеретін жағдай. Жаңа сапқа «Ордабасының» бес бірдей ойыншысы алынды

Әр елдің ұлттық құрамасына мықты деген футболшылар іріктелетіні белгілі.  «Ордабасы» командасының бес бірдей сақа ойыншысы ұлттық құрама сапына алынды. Атап айтқанда, олар: Қақпашы - Алмат Бекбаев, жартылай қорғаушы - Мардан Төлебек, Азат Нұрғалиев, Еркебұлан Тұңғышбаев, шабуыл шебінде - Таңат Нөсербаевтар. Команданың бас бапкері ресейлік маман Александр Бородюк  осы футболшыларды  Ұлық мейрам - Наурыздың 22-сі  күні Кипр құрамасымен өтетін жолдастық кездесуде сынап көреді. Ал, жауапты ойын Армения астанасы Ереванда осы айдың 26-сына өтеді. 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу сайысы аясындағы кездесу бас бапкерге және құрамаға алынған футболшыларға жауапты сынақ болмақшы. Біздің елдің жігіттері, әсіресе, оңтүстіктің оғландары намысты қолдан бермес деген үміттеміз. Осы кезде «Ордабасы» командасы Ақтөбеде өтетін жауапты жарыста бақ сынайды. 3-тур ойындарында жергілікті «Ақтөбемен» күш сынасатын жерлестеріміз жеңістен үмітті. Біздің команданың сапында болгариялық бойшаң футболшы  Преслав Йорданов өнер көрсетуі мүмкін. Болгар футболшысымен келісімшарт жасалғаны белгілі.  Осы жауапты кездесуге команданы  клуб президенті Бахтияр Байсейтов бастап келді. Ақтөбе бұған дейін екі кездесу өткізіп, 1 ойында тең түсті. Екі команданың кездесуіне  қарағандылық Артем Кучин төрелік етеді. Жерлестеріміздің сырт алаңдағы маңызды кездесуінде жеңіске жетуіне тілектеспіз.

ИЛИЯС Жолдас 

Тақырып бойынша материалдар

Сарыағаш ауданында тұңғыш рет ауыр атлетикадан жарыс өтті
16:51, 15 желтоқсан 2017
Сарыағаш ауданында тұңғыш рет ауыр атлетикадан жарыс өтті
Толығырақ...
 «Қаратау» ЖШС-і спорттық жарыс ұйымдастырды
16:42, 15 желтоқсан 2017
«Қаратау» ЖШС-і спорттық жарыс ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...