Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жарысты

Шымкентте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттық федерациясының кубогі үшін республикалық жарыс болып өтті. Тартысты бәсекеге елімізден 20 команда қатысып, ептіліктерін танытты.

14:57, 19 мамыр 2017   156

Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорттық  федерациясы қоғамдық бірлестігі мен төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы белсене қатысты. Сондай-ақ, құрметті қонақтардың ортасында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша азаматтық қорғаныс органдарының ардагарлері де болды. Спортық сайыс екі күнге созылды.

Нұрболат Дербісов - Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Өрт сөндіру, құтқару спорттық жарысы бізідің облысымызда бірінші рет өтіп жатыр. Бұл өткізіліп жатқан жарыс біз үшін қуанышты жағдай. Жарыс болған соң жеңіс бар, жеңіліс бар. Мақсат  - ең басты жарысқа қатысу. Осындай жарыстар көбейе берсін! Оның пайдасы зор. Бұл жарысқа 500 ден астам адам қатысып отыр. Ерле,  қыздар, жасөспірімдер арасында.

Ептілік пен төзімділікті қажет ететін спорттық сайысқа тек өрт сөндіршілер ғана емес,  Тараз, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда қалаларынан келген арнайы колледж студенттері де қатысты. Екі күнге созылған спорттық сайыстың алғашқы күні тартысты өтті. Үміткерлер оқу мұнарасының жоғарғы қабаттарына шабуыл сатысымен шығып, жартылай финалда жүгіруден бәсекеге түсті.

Назерке Өмірғалиева – Байқауға қатысушы (Қызылорда облысы)

Қанша жыл болдыы Қызорданың намысын қорғап келемін. Қармақшы ауданында ю5 өрт сөндіру бөлімінде істеймін. Осы спорт түрімен айналысқаныма 4 жыл болды. Талай чемпионаттарға қатыстым. Осы жолы да жеңіске жетем деген ойым бар.

Қашанда қырағылығын жоғалтпайтын батыл да епті өрт сөндірушілер спорттық жарыста да шапшаңдығын байқата білді. Өздерін өрт орын алған жағдайда қалай ұстау керектігін көрсетті.

СЕНБЕК Құттыбайұлы                  

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07