ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

15:36, 24 қазан 2018

Қазанның 18-і мен 20 аралығында Өзбекстан елінде Пара Азия ойындарының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 6 мемлекеттің спортшысы қатысты. Түркістан облысының намысын қорғаған жас өрендер де құр алақан емес. Облыстық байдарка және ескек есу федерациясының президенті Денис Жарменов жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түсетін байрақты бәсеке. Өзбекстанда өткен Пара Азия чемпионатында біздің спортшылар өздерінің  мықтылықтарын танытты. Облыстық байдарка және ескек есу федерациясы президентінің қабылдауында болған спортшылар енді Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

Денис Жарменов – Түркістан облыстық байдарка және ескек есу федерациясының президенті

Каноэ спорты Параолимпиадалық ойын бағдарламасына кіреді. Бұл тек Түркістан облысында ғана қарқынды дамып келе жатқан спортың бір түрі. Қазіргі таңда біздің құрама басты үмітті Жалғас Тайкенов пен Бейбарыс Спатайға артып отыр. Команда жаттықтырушыларының айтуынша, оның олимпиада ойындарының ең жоғары наградасына да қол созуға мүмкіндігі бар.

Жарыс оңайға соқпады. Дегенмен, бар күш-жігерін салған спортшылар жақсы көрсеткіщтерге қол жеткізді. Мәселен, Жаңыл Балтабаева 4-орынға жайғасты. Жалғас Тайкенов күміс медальды иеленді. Ал, Бейбарыс Спатай қола медальды қанжығасына байлады.

Бейбарыс Спатай – Пара Азия ойындарының қола жүлдегері

Жақсы өнер көрсеттік. 6 елден спортшылар қатысты. Бұл жолғы чемпионат алдыңғы жылға қарағанда сәтті өтті. Ол жылдары техникалық ақаулықтармен 4-орын алып, ойыннан шыққан болатынмын. Бұл жолы бәрі ойдағыдай өтіп, 3-орын қола медальді иелендім.

Спорттың бұл түрі үшінші жыл қатарынан облыста дамып келеді. Ал, біздің спортшылар халықаралық рейтинг бойынша үздік ондыққа кіреді. Енді олар келер жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА          

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН  ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА  ІРІКТЕУ ӨТТІ
12:57, 14 қаңтар 2019
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН  ТУРНИР
12:32, 8 қаңтар 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР
Толығырақ...
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:58, 10 желтоқсан 2018
КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...