ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕРИЗАТ ЖАҚЫПБЕКОВА БЕЛБЕУЛІ КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

18:05, 31 қазан 2018

Ресейдің Қазан қаласында белбеулі күрестен әлем чемпионаты аяқталды. 42 елдің өкілдері қатысқан аламан күрес додасында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Перизат Жақыпбекова күміс медалді жеңіп алды. Туған елге жеңіспен оралған балуанды жанкүйерлері құрметпен қарсы алды.

Әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан белбеулі күресті алдағы кездері олимпиада ойындарына енгізу жоспарлануда. Осы тұрғыда әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды жиі өткізіп оны барлық елдерге жеткізу мақсаты қойылған. Қазандағы белдесулер барысында құрама сапында Қазақстандық ару қыз,Отырар ауданының таланты тумасы Перизат Жақыпбекова 76 келі салмақта белдесіп күміс медальді иеленді.

Перизат Жақыпбекова – белбеулі күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Белдесулер нәтижесінде  15 бірдей алтын медалға қол жеткізген Ресей құрамасы бас жүлдеге иелік етті. Ерлер арасында жекпе-жекке түскен шымкенттік балуан Мақсат Жандилдаев 90 кг салмақ дәрежесінде ақтық сында өнер көрсетіп Ресей балуанына жол берді. Әлем жүлдегерін тәрбиелеген қалалық 10-шы олимпиада мектебінің директоры Саян Мекенбаевтың айтуынша бір аптаның өзінде аядай ғана мектептен екі бірдей балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Оның бірі Будапеште өткен грек-рим күресінен белдескен Мейіржан Шермағамбет болатын. Әлемдік деңгейдегі спортшылар дайындаған мектеп бапкерлерінің ендігі асуы алдағы олимпиада ойындары болмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...