ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Шағын футбол алаңы ашылды

17:16, 16 желтоқсан 2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, аудан-қала әкімдеріне халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені тапсырған болатын. Осы орайда Созақ ауданында Тәуелсіздік мерекесі күні Шолаққорған, Тасты, Құмкент ауылдарында спорт алаңдары ашылды.

Теріскейде 236 спорт ғимараты бар. Оның ішінде ипподром, теннис алаңы, жүзу бассейндері тұрақты жұмыс істеп келеді. Осы қатарды енді жаңа спорттық нысандар толықтырды. Кешенді салып, демеушілік жасаған - уран өнімін өндіретін «Инкай» ЖШС-і. Салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтар айтулы ұлы мерекемізбен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Шағын  футбол алаңшасында жанкүйерлер отыратын орындық, жаңа қақпа, жасанды төсеніш салынған. Бұл күні футбол алаңында ауыл округтер арасында жасақталған командалардың жарысы жалауын желбіретті.

Елбасы қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы бұқаралық спортпен қамтылуы керектігін міндеттеген болатын. Осыны жүзеге асыру мақсатында аудан басшысы әрбір елдімекенде спорт алаңшалары мен спорт кешендерін салуды тапсырған.  Ағымдағы жылы дәл осындай  6 шағын футбол алаңы ашылып,  барша спорт сүйер қауымның игілігіне берілді. 

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                 

Тақырып бойынша материалдар

 III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
13:48, 12 қазан 2018
III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ И...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...