ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ЕЛ СПОРТЫНДА ТОП БАСТАДЫ

14:37, 5 желтоқсан 2018

Ұлттық олимпиадалық комитетінің дәстүрлі жыл қорытындысына арналған үздіктері анықталды. Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы,республика бойынша "Үздік спорттық өңірі" жүлдесінің жеңімпазы атанды. Бапкерлер арасында биылғы жылды жарқын жеңістерімен аяқтаған көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алия Юсупова " «Жазғы спорт түрі бойынша үздік бапкер»" атанды.

Республика бойынша жеңіске жету үшін соған лайық көрсіткіште болуы керек . Өңір спортшылары барлық деңгейдегі жарыстардан,әлемдік додалардан жеңіспен оралды. Азия ойындарында алдыңғы орыннан көрінген спортшылар, Спорттың 13 түрін қамтыған Халық спорт ойындарындада көш бастаушы болды. Бүкіл халықтық дауыс барысында олар өзімен қатарласып келе жатқан Алматы қаласынан 100 мың дауыс асып кетті. Жүлделерді тапсыруға арналған салтанатты шара барысында Басқарма басшысы Әлібек Нұртаевқа "Ұлттық спорттық жүлдесі " табыс етілді.

Сонымен бірге қысқы және жазғы спорт түрлерінен де жеңімпаз спортшылар мен бапкерлер арнайы жүлделерге ие болды. Жазғы спорт түрінен «Үздік спортшы» семсерлесуден Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Алексанин болды. Ал қысқы спорт түрлерінен фристайлшы Юлия Галышева үздік атанды. Бапкерлер арасында жерлесіміз,Азия ойындарында төрт бірдей алтын медаль жеңіп алған көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алия Юсупова үздік болып табылды.

Алдағы жылы спортшылардың алдында қойылатын басты мақсат Токио олимпиадасына берілетін лицензиялық жарыстарда топ жарып,Төрт жылда бір рет өтетін басты спорт додасына қатысу болмақ. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз.

Ілияс ЖОЛДАС                                                                  

                              

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАРАФОН ӨТТІ
12:23, 27 тамыз 2019
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МАРАФОН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар