ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР КІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН? Толығырақ

СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

12:45, 28 тамыз 2019

Әлемдік ареналарда топ жарып жүрген спортшыларға құрмет көрсетілді. Кентау қалысының басшылығы еліміздің даңқын асырғандарға арнайы сый-сияпат жасап, алғыс хат табыс етті. Марапатталғандардың арасында бапкерлер де бар.

Еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранымызды асқақтататын бірден-бір жарыс – спорт. Өңіріміздің намысын қорғап, бірқатар республикалық, тіпті халықаралық айтулы жарыстарда топ жарып жүрген жеңімпаздар Кентау қаласында да жетерлік. Солардың бір тобы марапат төрінен көрінді. Салтанатты кеште сөз алғандар аймақ спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

Самат Расұл – Кентау қаласы әкімінің орынбасары

Бұл спорт кез-келген мемлекеттің жалпы адам баласының әлеуетін арттыратын сала болғандықтан, жастарды спортқа шақырамын. Жалпы спортта жеткен жетістігіміз ауыз толтырып айтарлықтай.

Кентау қаласында жалпы 4 бірдей спорт мектебі бар. Онда спорттың 16 түрінен 2,5 мыңға жуық жас шұғылданады. Қазір мұнда бұқаралық, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қанатбек Шағатаев – Кентау қалалық бокс мектебінің директоры

Спортшыларға сәттілік тілеп, спорт пен білім бәсекесінде биіктен көріне беріңдер деген тілегімді жеткізгім келеді. Тек қана, алға!

Кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылды. Алдағы уақытта да жастардың аламан бәйгелерде топ жарып, спортты өрге сүйреуде өздерінің сүбелі үлес қосатындарына сенім білдірді.

Ә.ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ                                                            

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
 ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗДЕСЕДІ
12:41, 19 қыркүйек 2019
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ  СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
14:01, 14 қаңтар 2020
УНИВЕРСИТЕТТЕ СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
13:39, 13 қаңтар 2020
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...