Су спортынан жарыс басталды

Шынықсаң, шымыр боларсың. Бүгін орталық су спорт кешенінде тартысты дода басталды. Ол Наурыз мейрамы мен кешеннің 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Біріншілік есебіндегі дүбірлі додаға 150 - ден аса спортшы қатысуда

18:37, 18 наурыз 2017   438

Орталық су спорт кешені - халықаралық стандартқа сай жабдықталған бірден-бір нысан. 2012 жылы іске қосылған кешенде 635 адам су спортымен тұрақты түрде шұғылданса, соның 114-і - кәсіби спортшылар. Ал, орталыққа келушілердің саны жылына 8 мың адамға жуықтаған. Сондай-ақ, олардың жаттығу жұмыстары кестеге сай жүргізіледі. Бүгінде бұл орталықтың есік ашқанына бес жылдың жүзі болып отыр.

Бауыржан Бөріқұлов – Орталық су спорт кешенінің директоры

Біздің 5жылдығымыздың мерекесін бірінші маусым күні ҚР чемпионатын осында атап өтеміз. Бүгінгі күні біздің спортшыларымыз қаңтар айында өткен ҚР чемпионатында Варвара Кригина деген қызымыз чемпион атанды. Кеше Көкшетау қаласында ҚР турнирі өтті. Онда біз 5 жүлде- 5 медаль алып келдік.

Ашық біріншілікте 2000-шы және 2011-ші жылдары аралығында туылған 150  спортшы өнер көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен жарыста төрешілер шымшаһарда жүзу спорты қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.  Оңтүстік жастары әр додада  өзгелерден оқ бойы озық шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде.  

Бауыржан Бөріқұлов – Орталық су спорт кешенінің директоры

Сонымен қатар, атап өтетінім, 1-ші маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекеге орай біздің осы бассейнімізде ҚР чемпионаты өтеді. Осындағы қатысып жатқан спортшылар үшін сол жарысқа дайындық болып саналады.

Жарыс соңында үздіктер арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сәттілік серік болмай, жүлдеден күдер үзгендер де құр алақан қайтқан жоқ.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                                 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07