ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТАЭКВОНДОДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

14:54, 13 қараша 2018

Шымкенттегі көркем гимнастика спорт кешенінде таэквондодан еліміздің кезекті чемпионаты аяқталды. Алматыдан келген спортшылар бас жүлдеге ие болды. Ал, алаң иелері жүлделі орыннан көрінді. Сондай-ақ, Облыстық теннис және спорттық ойын түрлерінің спортшылары халықаралық жарыстарда топ жаруда.

Қазақстандағы таеквондоның негізін Мұстафа Өзтүрік қалап,қазақ балаларының талантын ашу үшін бірнеше мектептер ашқан болатын. Осы жылдардағы басты жетістігіміз Бейжің олимпиадасындағы Арман Чилмановтың қола жүлдесі. Одан кейінде спортшыларымыз екі олимпиадаға қатысқанымен жүлде алудың ешбір реті келмеді. Қазақстан Республикасының чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен мен қатар барлық облыстан 250-ге тарта спортшы қатысып ,ерлер және қыздар арасында сегіз салмақтағы мықтыларды анықтады.Мемлекеттік бапкер, таеквондо федерациясының вице-президенті, Бейжің олимпиадасының жүлдегері Арман Чилманов бар мақсат: Токио олимпиадасына бағытталғанын атап өтті. Осы чемпионаттта жеңіске жеткендер құрама сапында олимпиада бағытындағы жаттығуларға кіріседі.Түркістан облыстық жоғары шеберлер мектебінің директоры ,6-шы дан қара белбеу иегері Шадияр Қондыбаев бастаған облыс құрамасы өзінің басты қарсыласы Атырау командасынан өте алмады. Ал бас жүлдені Алматы қаласының спортшылары жеңіп алды. Жекелей сында Лондон олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған Феруза Ергешова қарсылас шақ келтірмеді. Ол өзінің мықтылығын әлем чемпионатында дәлелдейтінін атап өтті. Түркістандық дара спортшыға тек сәттілік серік болсын.

ОБЛЫСТЫҚ ТЕННИС ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРУДА

Бүгінгі таңда облыстық теннис және спорттық ойын түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері топ жаруда. Атап айтар болсақ, Ниязов Артур халықаралық жарыстарда ағымдағы жылдың маусым айында,  Литваның Каунас қаласында өткен «Yonex Lithuanian Internftional» халықаралық турнирде жұптық дәрежеде Дмитри Панаринмен жүлделі  3-ші орынды алып келіп, ел намысын абыройлы қорғады. Сондай-ақ, қазан айының 29 мен қарашаның 4-ші күндері аралығында Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында командалық есепте, жекелей де де жұптықта да, аралас жұпта да 1-ші орын алып, абсолюттік чемпион атанды.

Ілияс ЖОЛДАС                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...