ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Тайқазан турнирі аяқталды

15:20, 7 желтоқсан 2017

Түркістанда қазақ күресінен жастар арасында өткен дәстүрлі «Тайқазан» турнирі өз мәресіне жетті. Осымен 25-рет ұйымдастырылған бәсекеге еліміздің 14 облысынан 250-ге тарта спортшы қатысты. Алдымен, салмақ бойынша белдескен палуандар кейін қала әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған түйе палуан жүлдесі үшін боз кілемге шықты. Үш күнге созылған сайыстың қорытындысы жайлы тілші тарқатып айтады.

Дәстүрлі додаға қатысушылардың ішінде байрақты бәсекеге бірінші рет қатысып отырған спортшылар мен боз кілемде жауырыны жерге тимеген мықтылар да болды. Бірақ,» күш атасын танымас» деген қағида бойынша алдымен, қарсыластар жеребе арқылы анықталды. Кейін қарсыласын жеңген спортшы келесі жұптың жеңімпазымен белдесті. Сол арқылы жарыс жеңімпазы айқындалды.  

Ерасыл Жанатаев – турнирге қатысушы /Алматы қаласы/

Осы жылы 82 келіде Тайқазанды ұттым. Бүгін бұйыртса түйе палуанға күресіп жатырмын. Тайқазаған үшін жылда ҚР бойынша жастар арасында жылда өткізіледі. Өте жақсы ұйымдастырылуы.

Осылайша, жеке салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталғаннан кейін «Түйе палуан» жүлдесі үшін бәсеке басталды. Бұл сында 100 келі салмақта жеңімпаз атанған түркістандық Бибарыстың бағы жанды. Ол бес кездесудің барлығында қарсыластарын тізе бүктіріп, «Тайқазан» турнирінің биылғы түйе палуаны деп танылды.

Бибарыс Әбдіғани – турнир жеңімпазы

Мұның барлығы еңбектің арқасы. Ағайларға рахмет. Дәурен, Мұхтар ағайларға. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда жарыстың бәрі. Бұл бастамасы.

Ұлттық спортты ұлықтап, жас спортшылардың жігерін жанитын бұл турнир алдағы уақытта ауқымын кеңейтпек. Ол үшін қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Егер сол істен нәтиже шығатын болса, келер жылы дәстүрлі додаға қатысушылардың қатары артпақ.

Дәурен Тәңірбергенов – ұйымдастырушы

Бұй «Тайқазан» турнирін келесі жылдары оданда деңгейін көтеруге қазір федерация мен келісіп отырмыз. Мемлекеттік жаттықтырушылар мен бірге.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қомақты қаржыға қол жеткізді. Атап айтқанда, түйе палуан атанған спортшы қала әкімі тағайындаған 300 мың теңгеге иелік етті.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

 III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
13:48, 12 қазан 2018
III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ И...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...