ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

13:49, 21 қараша 2018

16-18 қараша аралығында Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан әлем чемпионаты өтті. Додада отандасымыз Олжас Оразалыұлы қарсыласына шақ келтірмей, алтын жүлдеге ие болды. Ал, бокстан Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес өкілі ширек финалға жетті.

Тарихта алғаш рет, қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен  Олжас Оразалыұлы 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшы испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак  Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұл алтын парадзюдодан ел тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Осылайша еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдоист қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10 орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

5 БОКСШЫ ҚЫЗЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ӨТТІ

Бокстан Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес өкілі ширек финалға жетті. Олар: Жайна Шекербекова (51 келі), Милана Сафронова (64 келі), Карина Ибрагимова (48 келі), Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева әлемдік сынның жартылай финалына шығу үшін барын салмақ. Қазақстан құрамасы ширек финалға өткен спортшылар саны бойынша үшінші орында тұр. Бірінші орында 9 спортшысы сүрінбеген Қытай, екінші орында 8 боксшысы түгел Үндістан командалары.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...