ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

18:27, 23 қараша 2018

Ақтөбе қаласында теннистен жастар арасында әлемдік гран-при жүлдесі аяқталды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының екі спортшысы жүлделі орыннан көрінді.Бұған дейін теннис мектебінің спортшысы Гозаль Айнитдинова Джакартада өткен Азия ойындарынан қола медалді иеленген болатын.

Түркістан облысындағы теннисті дамытып отырған олимпиада мектебінің тағы екі спортшысы әлемдік жарыста топ жарды. Атап айтқанда 18 жасқа   дейінгі   спортшылар   арасында   өнер көрсеткен Мұрат  Ерасыл  күміс  медальді жеңіп алды.Ал тағы бір талант Бекзат Үсіпбаев қола медалға қол жеткізді. Спортшылардың жетістігін жоғары бағалаға облыстық тенистен олимпиада мектебінің  басшысы Нұрлан Айтмырзаев екі спортшыға әлемдік рейтінгіне сай теннис ракеткасымен спорттық киімдер табыс етті:

Нұрлан Айтмурзаев - Түркістан облыстық теннистен олимпиада мектебінің директоры

Осы жеңісінен кейін Мұрат Ерасыл  әлемдік рейтінгте 200 спортшының қатарына енді.Ол бұған дейін Албания мен  Қырғызстанда өткен гран-при жүлдесінде жеңіске жеткен болатын.

Мұрат Ерасыл – теннистен халықаралық жарыс жүлдегері

Спортшылар отбасында туылған Бекзат Үсіпбеков, әкесі даңқты шабандоз Еркебай Омарбектің жолын қуып көкпарды таңдамай,әлемдік аренаға алып шығатын теннис спортымен айналысып жатқанына он жылдай уақыт болыпты. Оның басты жүлдесі «|Алматы Оупен» жүлдесінде күміс медалді жеңіп  алуы  болды.

Бекзат Үсіпбеков   теннистен халықаралық жарыс жүлдегері

Теннистен олимпиада мектебінің жетістіктеріне орай,шахмат пен дойбы, Волейбол мен баскетболдан топтар ашылды. Ендігі жерде теннис пен қатар  спорттық ойындар чемпиондар дайындала бастайды. Енді білікті бапкер Талғат Арыстанов жаттықтыратын  жеңімпаз екі теннисшы ұлттық құрама сапындағы  оқу жаттығу жиынына  қатысады.   

А.БИДАН                                            

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...