ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Ұлттық спортты ұлықтаған ұлды жерлестері құрметтеді

20:23, 13 қыркүйек 2017

«ЭКСПО» көрмесі аясында Көкпардан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары құрметке бөленуде. Мақтарал жұрты айрықша ілтипатты Ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Нышанбекке көрсетті. Жастайынан атқа қонған ерге аудан әкімінің алғыс хаты табыс етіліп, бағалы сыйлықтар берілді.

       Абылайхан үшін бүгін - маңызды күн. Өйткені, әлем біріншілігінде жеткен жетістігі үшін аудан әкімі жеке қабылдауына шақырып, алғыс білдірмек. Жасөспірімдер арасында 3 дүркін чемпион атану... ересектер арасында да 3 мәрте топ жару – нағыз саңлаққа лайық жетістік. Билік абыройы биік ұлына осылай деп баға берді.

       Жас шабандоз – Жетісайдағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының түлегі. Көкпар додасына ең алғаш 16 жасында түскен. 18-інде Сабыржан Айбеков сынды белгілі бапкерлерден сабақ алды.

      Ауданда көкпар ойыны жылдағыдан қарқынды дамып келеді. Өңір шабандоздары облыстық жарыстардан жүлдесіз қайтқан емес.

       Көкпар – ұлттық спорттық ойын. Бұл ойында ер жігіттің ептілігі, күші, батылдығы сыналады. Көне ойын тоқсаныншы  жылдардан кейін Орталық Азия елдерінде кең қолдауға ие болды.  Халықаралық спорт федерациясы құрылып, еліміздің аймақтары ғана емес, сонымен қатар, Пәкістан, Түркия және Франция да федерацияның мүшесі атанды. Абылайдың топпен жеткен жеңісіқазақтың рухын бір көтеріп тастады. Елағалары еріне бекем ізбасарға дән риза.

       Жеңіс, жетістік – елге! Қуанышқа ортақтасқан ағайын-туыс, бауырлар Әруақтарға арнап, құран бағыштады. Таяу күндері Ақтөбеге барып, «Ақ бидай» ойынында атой салатын батырына жүрек-жарды лебіздерін білдірді.

       Жерлесіміздің бұл жеңісі аудан үшін үлкен мақтаныш. Ол өкшебасқан ұрпаққа да ұлағатты іс.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Көкпардан жарыс: Аққұм жұрты атқа қонды
15:19, 22 қараша 2017
Көкпардан жарыс: Аққұм жұрты атқа қонды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...