ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Волейболдан облыстық турнир

15:13, 14 қараша 2017

Ер есімі – ел есінде. Отырарлықтар Ұлы Отан Соғысының ардагері Кішмат Досановты еске алып, волейбол жарысын ұйымдастырды. Облыстық турнир осымен 3-ші рет өтіп отыр. Ал, осы ауданның Қоғам жұрты... қазақ күресінің 40 жылдығын атап өтіп, 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізді.

БОЗКІЛЕМДЕ ЖАС БАЛУАНДАР БАҚ СЫНАДЫ

Бұл турнир аудан билігі тарапынан қолдау тапты. Белгілі бапкер Оңалбек Әуелбеков Ұлт саулығын еселейтін шараның жоғары деңгейде өтуіне күш салған аудан басшысына алғысын жеткізді. Жарыс бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын оң бағытқа сілтеу мақсатында ұйымдастырылған. Салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов, Отырар ауданынан шыққан тұңғыш спорт шебері, педагогика ғылымдарының профессоры Әбдіхалық Әбдуллаев та қатысты. Республикалық турнирдің қатысушыларына сәттілік тіледі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға Алматы, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Бәйдібек, Созақ, Сайрам аудандарынан келген жүзден аса жас балуан мүдделі болды. Бозкілемде намысты қолдан бермеуге тырысқан олар жеңіс үшін барын салып, жарыстың көркін қыздырды. 

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Ұлы Отан Соғысының ардагері Кішмат Досановты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир осымен 3-ші рет өтіп отыр. Оған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, өжет өрендерге сәттілік тіледі. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың құттықтау сөзін жеткізді. 
2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізіліп жатқан облыстық турнирде Шымкент, Арыс қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Созақ, Отырар аудандарының командалары бақ сынады. Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, сайыс арқасында достық қарым-қатынастарын жақсартты.  

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит  

Тақырып бойынша материалдар

ТӨЛЕБИДЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
18:13, 21 ақпан 2018
ТӨЛЕБИДЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...