ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

16:22, 16 тамыз 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында, республикамызда 100 спорт кешенін салуды тапсырған болатын. Осы ретте, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданында жекеменшік-әріптестік аясында спорт орталықтарының саны артуда. Бүгін Састөбе ауылында «Ер Жәнібек» атындағы сауықтыру спорт кешені ашылып, ел игілігіне берілді.

«Ер Жәнібек» атындағы  шынықтыру-сауықтыру спорт кешені Түркістан  облыстық  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасы мен  Түлкібас  ауданы  әкімдігі,  сонымен  қатар, «Тұран спорт Групп» компаниясымен үш  жақты  келісімнің  нәтижесінде  салынды. Ендігі  жерде  бұл  спорт  кешен жергілікті  жұртшылықтың  бұқаралық  спортпен  айналысуларына  жол  ашып  отыр. Еліміздің спорт  күні  мерекесі  қарсаңында  ашылған  жиынға облыс  спортының  басшысы Полат  Қырықбаев, елімізге  танымал  іскер  азамат Зауытбек Тұрысбеков, спорт  ардагерлері Махамбет  Сапарбаев пен Серік  Оңғарбаев  сынды  ел  ағалары  қатысты. Облысымызда   кәсіпкерлікпен  айналысып  отырған   «Тұран спорт групп»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  құрылтайшысы Есбол  Қамбаров  өңіріміздің   өсіп-өркендеуіне  үлес  қосуды  өзінің  азаматтық  парызы  санайды.

Түлкібас  ауданы  әкімі Нұрбол  Тұрашбековтың  айтуынша, аудан  халқы мен  жастарды  спортқа  насихаттау  барысында мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік  аясында 11 спорт  кешенін  салу  жұмыстары атқарылуда.  Жиынға  арнайы  қатысқан  осы  ауылдың  тумасы, Халықаралық қазақ Қауымдастығының президенті   Зауытбек Тұрысбеков жастардың  көптеп  спортпен  шұғылдану  қажет  екендікдігін  айтты.

Басқосуда бокс  турнирі  ұйымдастырылып, 10  салмақ  бойынша 78-ден  астам  былғары  қолғап  шеберлері  бақтарын  сынады. Бас  төреші Байқадам Омаровтың  айтуынша, жекпе-жекке  шыққан жеңіпмаз  спортшылар республикалық  жарысқа  жолдама  алады. Жеңімпаздарды ел ағалары құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

А. МЫРЗАХМЕТОВ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
 ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗДЕСЕДІ
12:41, 19 қыркүйек 2019
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: БҮГІН «АСТАНА» - «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДПЕН» КЕЗД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...