
Әпке
Өндіруші компания: «Magic Wood» ЖШС
Қоюшы режиссері: М. Бидосов
Ұзақтығы: 42 минут
Жанры: мелодрама
Байланыс телефоны: 8 (5272) 54 – 08 - 17
E-mail: shymkenttv@kaztrk.kz
Туындыда ата-анасынан ерте айырылған бір отбасындағы бес баланың басқа түскен қиындықтарға мойымай, өмірден өз орындарын тапқаны баяндалады.
Бір ата, бір анадан туса да, мінездері әрқилы ұл-қыздарды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бағып-қаққан шаңырақтың үлкені Қамажай - бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан ерген іні-сіңілілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан.
Өрімдей ұл-қызға әке мен шешені жоқтатпаған әпкенің еңбегі еш кетпейді.