ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

Ұлы даланы ұлы мақсаттарға жетелейді

19:10, 6 ақпан 2017

Елбасы жолдауы – ұлы даланы ұлы мақстаттарға жетелейтін құжат. Түркістандағы Халықтаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы осылай деп бағалайды. Олар жолдауда көрсетілген бағыттар елді ілгері бастайтынына сенімді.

Жиында бас қосқандар алдымен, Елбасы үндеуіне ерекше тоқталды. Елдегі өзгерістер мемлекетте демократиялық үрдістерді жаңа форматқа көшіреді.  Үкімет пен Парламент қызметінің кәсібилігі артады, - дейді. Бұл бір қарағанда, Қазақстанның серпінді дамуының жаңа импульсіндей.  

Жанәлі Дәрібаев – «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрағасы

Елбасымыз барша қазақстандықтардың алдына береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Елбасы Үндеуі соның жарқын бір көрінісі.

Жолдауда базалық салаларды бекітуге, субсидияларды бөлуге байланысты да жаңашылдықтар бар. Еңбек өнімділігін, жерді пайдалану тиімділігін арттыру, өндіріс шығындарын төмендету сияқты басымдықтар көп көкейіндегісін дөп басқан. Ғалымдар осы орайда өздеріне жақын –аграрлық-ғылыми зерттеулерге қатысты тармақты екшеді.

 Хәзіретәлі Тұрсын –  Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Бүгін біз Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын байыппен саралап, оны іске асыруға жұмыла кірісу үшін жиналып отырмыз. Биылғы Жолдау да өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Ол - тәуелсіздіктің ширек ғасырлық қорытындысын шығарып, дамуымыздың басты бағытын айқындап, халықтың бақуатты болуына негізделген. 

Елбасымыз барша қазақстандықтардың алдына береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі, Жолдау жолындағы нақты міндеттер озат отыздыққа бастайтын жол.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17:26, 27 ақпан 2018
ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
16:52, 29 қаңтар 2018
АҚПАРАТТЫҚ ТОП ОТЫРАРҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...