Горячая тема ВЫПУСКНИКИ ПОДАРИЛИ МНОГОДЕТНОЙ СЕМЬЕ ДОМ Узнать больше

ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ СӘБИІМЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

15:56, 5 июня 2020

Түркістан облысының дәрігерлері бауырын құрт басқан жүкті әйелді шаранасымен аман алып қалды. Босану мерзімі келген жиырма алты жастағы әйел облыстық клиникалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен өмірі қыл үстінде тұрған ана мен бала ақ халаттылапрдың біліктілігі арқасында дін аман.

Облыстық клиникалық аурухана мен №1 облыстық перинаталды орталығының білікті мамандары бірлесе бірден екі операция жасаған.  Отаға жетекшілік еткен облыстық клиникалық  аурухананың дәрігер-хирургы Жеңіс Серғазин. Мамандар  әйелді кесарь тілігімен босандырып болған соң, сол жақ бауырын қаптаған құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған.  Салмағы 3 келіден астам қыз бала дүниеге келді. Сәби қазір перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Анасы облыстық клиникалық ауруханада ем қабылдауда. Жағдайлары қанағаттанарлық.  Науқас әйел он күн емделіп болған соң перзентімен қауышатын болады.  Жалпы, ауруханада бауыр құртына жасалынып отырған биылғы жылға бұл осымен екінші ота.

Перизат Ортай                                                                 

 

Читайте также

ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ СӨЗІ»
20:54, 24 июня 2020
ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ...
Узнать больше

Популярные новости