Горячая тема ВЫПУСКНИКИ ПОДАРИЛИ МНОГОДЕТНОЙ СЕМЬЕ ДОМ Узнать больше

ЕКІ БІРДЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

15:55, 5 июня 2020

Ордабасы ауданында жыл басынан бері 18 мал ұрлығы тіркеліп, оның 12 жайты ашылды. Криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыс күшімен мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топ ұсталды.

Қылмыстық топтың біреуінде 4 адам болған. Олар ауданға қарасты ауылдардың бірінен қой ұрлаумен айналысқан. Екінші қылмыстық топтың құрамында 4 жергілікті тұрғын бар. Олардың Ордабасы ауданы Амангелді ауылынан ұрланған 47 бас қой ұрлығына қатысы бары анықталды. "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін мал ұрлығына қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Ұрланған қойлардың басым бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.

Бақытжан Махамбетов - Ордабасы АПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі

Мал ұрлығының орын алуына негізінен үй малын қараусыз қалдыратын ауыл тұрғындарының бейқамдығы себеп болып табылады. Одан бөлек, төрт-түлігі жоғалған сәтте бірден полицияға хабарламай, өз бетінше іздеп уақыт оздырады. Бұл әрекет мал ұрлығының ашылуына кері ықпал етіп жатады. 

Қазіргі уақытта Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері тарапынан мал ұрлығы жайттарының алдын алу және азайту, жайылымда қараусыз қалған малдарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қора-жайларды және жайылымдарды аралап, тұрғындармен жиындар өткізуде. Полиция қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау және төмендету бойынша жедел алдын алу жұмыстарын одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр. Тәртіп сақшылары шаруашылық аулалар да бейне бақылау камералары мен күзет дабылын орнатуды ұсынады. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарлау қажет.

Ә. Дәулетбекқызы                                                         

Читайте также

ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ СӨЗІ»
20:54, 24 июня 2020
ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ...
Узнать больше

Популярные новости