Горячая тема ВЫПУСКНИКИ ПОДАРИЛИ МНОГОДЕТНОЙ СЕМЬЕ ДОМ Узнать больше

КЕНТАУ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

15:54, 5 июня 2020

Кезінде «Қаратау тәжіне» баланған Кентау қаласы күн санап көркейіп келеді. Әсіресе абаттандыру жұмыстары ерекше қарқынмен жүзеге асып жатыр. Былтыр кеншілер қаласынан «Жастар саябағы» салынған болса, биыл «Ұстаздар аллеясы» халық игілігіне берілді. Гүлденген, көркейген көне шаһар жайында келесі бейнематериалда.

Серік Мырзахметовтің Кентау қаласында тұрып жатқанына жарты ғасырдан асыпты. Кезінде эксковатор зауытында еңбек еткен. Кешегі тоқырау заманын да көрді. Кеншілер қаласының көз алдында қайта дамуып келе жатқанына  қуанышты .

СЕРІК МЫРЗАХМЕТОВ-КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Кеңес дәуірінде Кентау әсем қала болды. Кейін бәрі қараусыз қалды ғой. Қазір Кентау қаласы күн санап көркейіп келеді. Бұрынғыдан да гүлдене береді деп сенеміз.

Былтыр жастар жылында Кентауда жаңа саябақ пайдалануға берілді. Онда өскелең ұрпақтың қажеттілігіне орай баскетбол алаңы мен Скейтдром, стритворкаут жабдықтары қойылды. Смарт орындықтарға ұялы телефоныңызды қуаттындыру құрылғысы орнатылды.  Ал биыл салынған «Ұстаздар аллеясы» тұнып тұрған креатив. Қаламсап шамдар, өшіргіш орындық, Циркуль әткеншектер балаларды қуантып тастағаны көрініп тұр. Бұл аумақ олардың сүйікті мекеніне айналды. Аллея құрылысына қазынадан 80 млн теңге жұмсалды.

ЖАНАТ ҚАНАПИН  -«МК CORPORATION» ЖШС ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Таяу арада бұл аллеяда Абайға ескерткіш орнатамыз. Маусым айының соңына дейін орнатамыз деген жоспарымыз бар. Одан өзге қала әкімі Дәурен Сәбитұлының бастамасымен әр ауланы ерекше безендіруді ойлап отырмыз.  

Еліміздегі моноқалалар тізіміне енген  Кентаудың бүгінгі  келбеті осындай. Қала әкімдігі мұнымен де тоқтап қалмақ емес.

Н.Кенжехан                                  

Читайте также

ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ СӨЗІ»
20:54, 24 июня 2020
ПОДВЕЛИ ИТОГИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ПРЕМИИ ДЛЯ ЖУРНАЛИСТОВ «ПАРЛАМЕНТ...
Узнать больше

Популярные новости