Қыдыр Уәли Сағындықұлы 1975 жылы 21 қаңтарда ОҚО Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Қызмет жолын 2000 жылы Әділет министрлігі «Заң» АҚ-ның басылымдарын шығарушы редактор болып бастаған.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы лауазымында болған.
2002-2004 жылдары республикалық «Заң» журналының тілшісі, бөлім редакторы.
2004-2008 жылдары республикалық «Заң» журналының бас редакторы
2008-2009 жылдар аралығында республикалық «Нұр Астана» газетінің Алматы бөлімшесін басқарды.
2009-2012 жылдары еліміздегі көптеген газет-журналдардың басын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары.
2012- 2013 жылдары «Қазақ радиоcы» директорының орынбасары қызметін атқарған.
2013-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры.
2018 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Іс-басқарушы қызметін атқарған.