
Облыста жыл соңына дейін 20-дан астам ІТ сыныптар ашылмақ. Жеке кәсіпкерлер тарапынан салынып, жергілікті жұмыссыз азаматтарды тегін оқытатын орталықтың... тиімділігі орасан болмақ. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы... бастама еткен жоба аясында бүгін... арнайы меморандум түзілді.
Қазір біздің ел «Цифрлық Қазақстан» жобасының қарқын алуына мүдделі. Оның негізінде ІТ мамандардың біліктілігі артпақ. Сондықтан, әр өңірлерден сала сақаларын даярлау - күннің өзектісі. Осыны ескерген оңтүстікқазақстандықтар тиімді жобаны бастап кетті.
Біздің облыста осы айда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің базасынан ІТ сынып ашылды. Онда негізінен оқу орнының шәкірттері машықталмақ. Ал, жаңадан ашылатын орталықтарда мектеп оқушылары мен ұстаздар, жалпы өңірдің 4500-ге тарта азаматы оқытылады.
Жаңа жүйеге сай, ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында 20 бірдей сынып ашылып, ел игілігіне қызмет етпек. Келер жылдан бастап, әр жыл сайын қосымша 900 маман білімін жетілдіреді. Осылайша, аймақта жұмыссыздық деңгейі төмендеп, тиісінше, заманауи талапқа машық мамандар саны артпақ.
П.Биназарқызы