ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ

12:06, 5 сәуір 2019

Түркістан облысына келуші туристердің саны жылдан жылға артуда. Мәселен 2018 жылы Түркістан қаласының өзіне 1.5 млннан аса турист табан тіреген. Ендігі жоспар, 2025 жылға қарай туристер санын 5 млн-ға жеткізу. Ол үшін өңіріміздегі 104 киелі орынның тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. «Түркістан Туризмі» атты семинарда аталған салаға қатысты ұтымды ұсыныстармен тиімді жолдары айтылды.

«Ұлы жібек жолын» жаңғыртып туристік нысанға айналдырып, сол жолдың бойында жатқан көне қалаларды қайта қалпына келтіріп, ашық аспан аясындағы мұражай етіп жасақтау қажет. Одан бөлек, аталған нысандарға келуші қонақтарды  түйе керуені мен атпен қыдыратын жағдай жасау керек. Сондай-ақ, туристерді қызықтыру мақсатында өңірдің киелі, тарихи орындары, тұлғалары туралы бірнеше анимациялық фильмдер мен телехикаялар түсірілуде.  Бүгінде Төлеби туралы телехикая дайындалып жатыр.

Бейсен Тәжібаев - Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

«Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» мультфильмдері және «Көне жетігеннің сыры» атты телесериал түсірілді. 10 сериалды. 6/7 анимациялық мультфильмдер түсіріліп, қазір облыстық арналарда көрсетіліп жатыр.  

«Рухани Жаңғыру бағдарламасы елімізде өзекті. Өйткені ол осы жүйелердің үйлесімді дамуына жетіспей тұрған пазлды қамтамасыз етеді. Бұл пазл жан-жақты дамыған, санасы, тәні, рухы, ділі мен діні тең дамыған адам. 

Досай  Кенжетай  -  профессор

Рухани жаңғыру дегенміз, сан, ой, ар ождан. Бұлардың барлығы ішкі дүниесі. Осыны жаңғырту үшін, адамның әлемі жаңғыру керек.

Семинар қатысушылар, халықтың экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын көтеру мәселесін сөз етті. Табиғат аясына демалуға шыққан азаматтар күл-қоқыстарын тазаламай, қоршаған ортаға орасан зиян келтіруде. Ал бұл, елімізге туристерді тарту бағытында атқарылып жатқан шаруаларға кедергі келтіретін  негізі фактор болып тұр.

А.Бидан        

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...