ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Анкара - Түркияның жүрегі!

12:45, 27 қаңтар 2017

Әріптесіміздің Түркия сапарынан түйгені... Ондағы ағайын қоқысты да кәдеге жаратып отыр. Анкарада күніне 4500 тонна тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін 2 кәсіпорын бар. Әрқайсысы сағатына/45 МвТ электр энергиясын өндіреді.

Қазақстанның Түркиядағы елшiлiгiнде өткен алғашқы кездесу үлкен әсер сыйлады. Мұндағы мәдени-гуманитарлық салаға жауапты Мәлiк Отарбаев  елшiлiктің кiтапханасымен таныстырды.

Мәлік Отарбаев – Қазақстанның  Түркиядағы  төтенше және өкілетті  елшісінің  ііі хатшысы  

 Қазақстан туралы түрiк басылымдарында ақпараттар жиi жарияланып тұрады. Олардың барлығын кiтапханамыздан табуға болады. Сонымен бiрге, қазақтың бiртуар ақын-жазушыларының түрiк тiлiне аударылған кiтаптарын жинақтаймыз. Елбасының «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында» атты еңбектерi түрiк оқырмандарын ерекше қызықтырғаны рас. Кiтапханамызда Абай, I.Есенберлин, М.Мақатаевтың шығармалары төрден орын алған. Олардың түрiк тiлiндегi нұсқасы жарық көргенде арнайы тұсаукесер ұйымдастырып, оқырмандарды шақырып, әдеби кештер өткiзiп тұрамыз.

 

Бұл  -   Анкарадағы  ірі - ірі өндіріс орындары шоғырланған   «Синджан»   аймағы.  1990 жылдары  іргесі қаланған.  Делегация  мүшелері іс-сапар аясында индустриалды  аймақта болды. Бірқатар кәсіпорынның    жұмысымен танысты.  

Өз кәсібін ашқысы келгендерге «Cинджан»   аймағында  жер  телімі сатылады. Билік  сол  қаражатқа  инфрақұрылым тартып, кәсіпкерге 3 жыл мерзім береді.  Осы уақытта өзін көрсете алмаса, жер мемлекет меншігіне қайта өтеді. Бүгінде мұнда 6 экономикалық  аймақ бар.  Онда 35 000  адам  жұмыс істейді. Өндірісі өркендеп, туризмі төрге шыққан қалада жұмыссыздық  жоқтың  қасы.   Бірақ, жұмыс  таңдайтындар бар.

Мелих  Гекчек – Анкара қаласының мэрі

Бiзде жұмыс мәселесi шешiлген. Тек жалқаулар мен Үкiмет ұсынған жұмысты iстегiсi келмейтiндер бар дегендi үнемi қайталаймын. Қала тұрғындарының басым көпшiлiгi - жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен оқытушылар, мемлекеттiк қызметшiлер.

 

Оңтүстiкқазақстандық делегацияны күтiп алған Анкара қаласы әкiмшiлiгiнiң қонақжайлылығы астарында Қазақстанға, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген үлкен құрмет, ыстық ықылас сезiлдi. Кездесу барысында Мелих  Гекчек  өңір басшысы Жансейiт Түймебаевпен тығыз қарым-қатынаста болғанын айтып, іскерлігін мойындады. Әр өзгеріске байыппен қарайтын қазақстандықтарға жүрекжарды лебiзiн бiлдiрдi.

Нұрлан Әлімбаев 

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...