ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

18:14, 13 сәуір 2020

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының 1414 байланыс орталығына қоңырау шалатындардың саны еселеп артқан. Мәселен, бұрындары орталыққа күніне 500-600-дей ғана азамат қоңырау шалатын болса қазір ол көрсеткіш 1,5 млнға жеткен. Қоңырау шалатындардың көбі мемлекет тарапынан берілетін көмек пен электронды қолтаңба алу жайын сұрайды. Оларға бүгінде еліміз бойынша 2366 қызметкер қызмет көрсетуде. Олардың 128-і Түркістан облысында. Барлығы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкендіктен өз үйлерінде отырып сұрақтарға жауап беруде.

Ерлі зайыпты Мұрат пен Жазира төтенше жағдай жарияланғанға дейін облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін. Қазір өз үйлерінде жұртшылықтың сұрағына жауап беріп отыр.

Мұраттың айтуынша соңғы күндері кеңес сұрап хабарласатындар саны артқан. Көбісін мемлекет тарапынан берілетін көмек, банктерден шот ашу сынды мәселелер мазалайды. Барлығына дұрыс әрі нақты жауап беруге тырысамыз. Ал, бізге қатысты болмаған жайттар бойынша қайда хабарласуға болатынын айтым жөн сілтейміз дейді ол.

Мұрат Барлыбаев – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының маманы

- Күніне қанша қоңырау болады.

-150-200 қоңырау болады. Кейде оданда асып кетеді. Барлығына жауап беріп жатамыз. Қазір төтенше жағдайға байланысты мемлекет тарапынан бөлініп жатқан мынау 42500 теңге бойынша азаматтардан көптеген сұрақтар осы бойынша болып жатыр. Шотты қалай аштырамыз банктен дейді? Ол бойына банктің өзінің колл орталықтары бар сол жерде өздері онлайн арқылы ашып береді. Біз енді соны өткізуіне кеңес береміз.  

Айтып өтейік, бүгінде байланыс орталығының мамандары телефон және видео қоңырау арқылы жұртшылықтың сұрақтарына жауап беруде. Статистика бойынша төтенше жағдай жарияланғалы бері, тек облыстың өзінде  80576 азаматқа онлайн қызмет көрсетілген. Оның 51450-іне қоңырау арқылы қызмет көрсетілсе, қалғанына виедо арқылы түсіндірілген. Ал, мамандардың қызмет сапасына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

Амантай Егембердиев - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының ресми өкілі

Осы жұмыстары біткесін өзіміз түрлі онлайн арқылы  түрлі оқулар ұйымдастырамыз. Күнделікті тексереміз. Әзірге, бүгінгі таңда жалобтар жоқ. Сол себепті қазіргі таңда еш қиындық жоқ.  

мамандар мәліметінше соңғы уақытта байланыс орталығына хабарласатындар мен қатар, мемлекеттік қызметті электронды түрде алатындардың да саны артқан көрінеді. Айтып өтейік, қазір 700-ден астам мемлекеттік қызметтің 80 пайызын үйден шықпай-ақ,  алуға болады.

М. Жарылқасын                                                               

Тақырып бойынша материалдар

2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...