
Бүгін Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов келді. Алқалы жиында... жауапты басшылардың баяндамасы тыңдалып, түстіктің 4 саладағы даму қарқыны екшелді. «Нұр Отан» хатшысы... билік партиясы тарапынан... мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша... жұмыс сапасын жақсартуды тапсырды.
Жетекші партияның жақтасы – халық. Елдік мүдде, сайлауалды бағдарлама, халықтық тұғырнама, Елбасы.., партия төрағасының тапсырмаларын тиянақты орындап, сара саясатын қолдау - осы себептен де маңызды. Облыстың макроэкономикалық дамуында өсім байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 773 миллиард теңгеден асқан. Ауыл шаруашылығында да алда. Инвестиция тартуда үштікті, экспортқа тауар шығаруда бестікті түйіндейді. Ендігі мәселе – жұмыспен қамту. Үшінші тоқсан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызға сәйкес келген. Осы орайда, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша облыста атқарылған жұмыстарға мән берілді.
Ел әлеуеті денсаулыққа байланысты. Алқалы жиында Мұхан Егізбаев та салаға қатысты мәселелерді тармақтап айтты. Тәуелсіздік жетістігі деуге тұратын, жаңа медициналық нысандардың құрылысын таныстырды. Мамандардың біліктілігі, қызметтің сапалық деңгейі де... назардан тыс қалған жоқ.
Түйткілді мәселе білім саласымен тікелей байланысты. Облыс оқушыларының бірыңғай ұлттық тестілеуде алған ұпайы... көңіл көншітпейді. Білім сынағында облыс өрендері 14-орынға сырғып, 76,8 пайыздық көрсеткішке ие болған. Қазір олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Он тест» жобасы қолға алынуда. Бұл бойынша да партия хатшысы нақты ұсынысын айтты.
Облыста қазір 12 үшауысымды, 19... құлауға шақ тұрған білім ұясы бар. Ғабидолла Әбдірахымовқа бұл мәселе Шымкенттің экс-әкімі ретінде де етене таныс. Партия активінің жиналысында... Құрылыс басқармасының басшысы да... жұмыс жоспарларымен бөлісті. Жиын соңында партия белгілеген міндет-межені бағындыруда... белсенді еңбек еткен бір топ азамат марапатталды. Тәуелсіздік тойы қарсаңында абыройы асқандар қатарында халық қалаулылары, сала кәсіпқойлары, кәсіпкерлер және партия белсенділері де бар.
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит