ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАЗПОШТА» ЖАҢА ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ

15:24, 30 шілде 2018

Қазақстандағы жетекші байланыс операторы Цифрландыру саясаты бойынша тың жобаны қолға алды. «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған «Франчайзинг» шарасы қазір облыстың 9 нүктесінде іске асуда. Бұл шағын және орта бизнесті жүйелі жүргізуге дем береді.

Ұлттық байланыс операторы қолға алған жобаны нарықта «Франчайзинг» деп атайды. Ол әлемнің алпауыт елдерінде үлкен қолдауға ие. Жергілікті жерде шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Кәсіпкер осы жобаға қолдау білдіріп, ұлттық оператор терминалдарын орнату арқылы клиент жинайды. Цифрландыру ісіне ат салысады. 

Бақытжан Ысқақ – «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры

Негізінде біздің ұлттық операторымыз ел ішінде үлкен қолдауға ие. Қазір бізді мүмкіндіктер де мол. Кез-келген төлем біз арқылы жүзеге асады. Әсіресе, коммуналдық төлемдер. Сәлемдемелер алу ісі де қарқын алып отыр. «Цифрландыру» аясында да көптеген жұмыстарды қолға алып отырмыз. Соның бірі - осы жоба. Халық қуанышын жеткізіп отыр.

«Франчайзинг» операторын іске қосу үшін жеке кәсіпкерлер ұсыныс білдіруі тиіс. Автоматты жүйе қосылған сәттен бастап, мұнда коммуналдық төлемдер, салықтық және баж, агенттік төлемдер мен несие аударымдары  қабылданады.  

Серік Ауғанбаев –  «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары

Бұл өте тиімді жоба. Тек өтініш жеке кәсіпкерлер тарапынан түсуі керек. біз оларға арнайы рұқсатымызды және толық базаны енгізіп береміз. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытады.

Еркінбек Нұрпеев – Шымкент қаласының тұрғыны. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына үйіне қонаққа келген шетел азаматтары үшін салық төлеуге келген. Пошта арқылы аударым жасау үшін агенттіктің мекемесіне сабылған жоқ. Осы жерде «Бір терезе» негізінде жұмысын тындырды. «Қазпоштаның» жаңарған қызметіне алғысын білдіріп отыр.

Еркінбек Нұрпеев – Шымкент қаласының тұрғыны

Менің үйімде шетелден келген азаматтар бар. Соларға арнайы салық төлеп жатырмын. Қазір келсем, кеңсе ашылыпты қуанып қалдым. Қаланың орталығына барып, ары-бері жүруге уақытым да тапшы еді. Бұл менің ғана емес, барлық жерлестерімнің қуанышы ғой. Жұмыс алға баса берсін, халыққа жағдай жасала берсін.

Шымкентте бұл орталықтан басқа 4 кәсіпкерлік нысанда «Франчайзинг» кеңсесі жүйелі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш және Төлеби аудандарында бар. «Қазпоштаның» орталық кеңсесіндегі ұзынсонар кезекті сейілтіп, тұрғындарға оңтайлы қызмет көрсететін жоба аясында тағы бірнеше операторлық қызмет іске қосылмақ. Қазір мамандар осы бағыттағы жұмысты жандандырған.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...