ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Көпір пайдалануға берілді

14:02, 17 қаңтар 2017

Созақ ауданы Ақсүмбе ауылында жаңа өткел пайдалануға берілді.Жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің ұзындығы- 12 метр. Нысанды салуға «ҚазАтомпром» өнеркәсіп орнына қарасты «Қаратау» ЖШС-і мұрындық болды. Бұл «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жарты ғасыр. Ақсүмбе  елдімекенінің  тұрғындары бұл күнді осыншама уақыт күтті. Әдетте ағысы жай өзен көктем шыға буырқанады. Осы уақытта ауылдың арғы бетінде тұратын оқушылардың сабаққа баруы қиындайтын. Енді міне, Атымтай Жомарттардың арқасында көптің тілегі орындалды.
Ауыл тұрғындарын мазалаған тағы бір мәселе бар. Талай тарихты қойнауына жасырған Ақбикеш мұнарасы мүжіліп, құлаудың алдында аз-ақ тұр. Көненің көзін келешекке көзайым етуді жергілікті жұрт өзіне азаматтық парыз санайды. Осы мақсатта арнайы қор ашқан болатын. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл боларын сезінген «Қаратау» ЖШС-нің басшылары екі жарым млн. теңгені осы қорға аударды.

Осы тақылеттес игі істер жалғасын таппақ.  Бұйыртса, биыл Қаратау ауыл округінде стадион салынады.  Құрылысқа қажетті жабдықтардың барлығы сақадай-сай. Жоспар жүзеге асса, бұл жергілікті жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына себеп болмақ.

Гүлмира Оңласбек

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...