ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Құжат рәсімдеу ісі жеңілдейді

19:23, 23 қараша 2017

Келер жылдан бастап, облыстағы көлік жүргізушілер автокөлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты кез-келген халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ауыстыра алады. Бүгінде Алматы, Астана қалаларында қалыптасып үлгерген тәжірибені оңтүстікте жүзеге асырудың алғашқы қадамдары басталып кетті. Бұл туралы облыстағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді.

Оңтүсте қазір 33 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ондағы мамандар тарапынан жыл басынан бері тұрғындарға 5 млн-нан астам қызмет көрсетілген. 70 пайызы электрондық негізде жүзеге асқан. Ал, қазір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын аудандарда ашу үшін жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы істер бұйыртса, 1-2 айда жемісін береді.

Еркебұлан Әлсейітов – облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры

Жақында Түркістан қаласында ашуға барлығы дайын тұр. Тек жоғарғы жақтан РЕО қызметкерлерінің келісімін күтіп отырмыз. Здания барлығы қарастырылып қойған..

Бұл орталық ашылса, Түркістан қаласының аумағындағы барлық жүргізушілер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алатын құжаттарды өздерінде-ақ рәсімдей алады. Саладағы тағы бір тың жаңалық: бұдан былай облыс тұрғындары туу туралы куәлікті алу үшін смс хабарлама жолдап, оны үйде отырып, ала алады. Шалғай ауыл тұрғындары дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін пайдалана алады.

Еркебұлан Әлсейітов – облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры

Е гов порталында арнайы тіркеуден өтуі тиіс. және ЖСН нөмеріне мобилді нөмерді қоса тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта көрсетілетін қызметтің сапасын қолжетімді ету үшін орталықтарда электронды операторлар жұмыс істей бастайды. Олар сайт және телефон арқылы түскен өтініштерді қанғаттандырады. Бірақ бұл жобаның қашан жүзеге асатыны әлі белгісіз.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...