ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Мемлекеттік бағдарлама жұмыспен қамтуды жақсартты

10:25, 29 шілде 2017

Түлкібаста «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту жобасымен тиімді сабақтасқан. Соның аясында ағымдағы жылы ауданда 2928 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. Мақсат нақты орындалуда. Жарты жылдың өзінде 1951 тұрғын мемлекет қолдауына ие болды.

Жаңа бағдарламаның үш бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыс жетерлік. Кәсіпкерлік саласында сауаттылығын арттыруға ниет білдіргендердің 126-сы техникалық және кәсіптік білімнің негіздерін үйренді. Ал, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 180 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне баулу жоспарда бар. 150 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі. 2 отбасы жүйелі түсіндіру жұмыстарының арқасында  солтүстік өңірлерге қоныс аударып, кәсіп бастамақшы.

Ағабек Ақбаевтың құрылысқа ебі бар. Тәуекелге бел буып, былтыр іс бастаған. Тасы өрге домалайтынын сезіп, мемлекеттен 3 млн. теңге несие алды. Ресейден техникалар әкелді. Бизнесі беки түсті. Үш жерлесін жұмыспен қамтып, жалақысын тұрақты беріп тұрады. Ал, басшыға риза болған жігіттер газоблоктан қалдық қалдырмай, тағы өңдейді.

Ауданда 2017 жылдың 6 айында 763 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік бағдарлама көмегімен  961 адам жұмыспен қамтылды. Еңбек еткен қаражаяу қалып жатқан жоқ.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...