ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«ШЫМКЕНТ-МҰНАЙ» ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕК

17:34, 28 ақпан 2018

Облысымызда өңдеу өнеркәсібінің өнімділік көлемі бір адамға шаққанда 31 мың АҚШ долларын құрады. Бұл салада түстік өңір Ақтөбе мен Павлодар облысына есе жіберіп отыр.

Индустрияландыру 4.0. Өңірдегі кәсіпорындардың 80 пайызы бұл стандартқа сәйкес келмейді. Тоқырау жылдары тұралап барып, еңсе тіктеген 50-ге жуық өндіріс орны әлі де жаңғыртуды талап етеді. Биыл индустрияландыру картасы шеңберінде «Шымкент-мұнай» өңдеу зауыты қайта жаңғыртудан өтпек.

Айта кетейік, биыл Кентау трансформатор зауыты, «Карлс крона» және «Зерде керамикс» ЖШС-де сандық теңестіруді енгізу жұмыстары жүргізілмек. «Химфарм» АҚ-ның қатты формадағы дәрілерді шығаратын цехты іске қосуы да индустрияландырудың жемісін көрсетіп отыр. Алайда, импортты алмастыратын препараттардың сапасы халық қалаулыларын алаңдатады.

Облыста кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейгенімен, жұмыссыздық мәселесі толық шешімін таппай отыр. Бағлан Жұмашбековтың сөзіне сүйенсек, биыл 6 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылуы тиіс. Алайда, жиынға қатысушылар бұл мәліметтің шындыққа жанасатынына күмән келтірді. Себебі, облыстағы 90 колледж бен 12 жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастырудың түбегейлі жүйесі жоқ.

Дамыған отыз елдің қатарына қосылудың көрсеткіші өндіріс қуатымен өлшенеді. Бұл бағытта атқарылған іс ауқымды болғанымен, ізденімпаз жастардың тың көзқарасы мен ұсынысы жетіспейді. Депутат Серікбай Ибадуллаұлы осыны айтты. Межелі міндеттер мемлекеттік деңгейде ғана қаралатыны көңілге қаяу түсіретінін жасырмады.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...