
Өткен жылдары өмірге келген «Өрлеу» жобасы... тұрмысы төмен отбасыларға дем беруде. Олар өздігінше кәсіптерін бастап, табыс табуға ынта арттырды. Әлеуметтік бағдарлама бағытындағы ауқымды жұмыстар Сайрам ауданында да тиянақты жүргізіліп келеді. Мұнда кәсіп ашқандар қысқа мерзімде жағдайын жақсартып қана қоймай, жұмыс күшін де арттырып отыр.
Ауданда «Өрлеу» жобасы бойынша істері өрге басқандар жетерлік. Бұл тиісті сала мамандарының жіті жұмыс атқаруының нәтижесі. Қазір мұнда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыс қызған. Осы жобаға тартылғандардың бірі - Азада Хайтметова.
Мұнда қазір аудандық әлеуметтік жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 5 тігінші жұмыс атқаруда. Олардың бірі алған тапсырыс бойынша киім үлгілерін кесіп-пішіп жатса, екіншісі тігіп шығады. Жұмыстарында бір тыным жоқ.
Орталыққа тіркеліп, осы мекемеден жұмыс тапқан қыз-келіншектерді өз мамандықтарының нағыз иесі деуге болады. Бүгінде оларға түсіп жатқан тапсырыс та жетерлік. Келушілер риза. Енді сала мамандары осы іс бастағандардың басын қосып, түрлі семинарлар өткізбекші. Өйткені, тәжірибе алмасу – табысқа жол.
М. Атабек