ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Үй жиһазы - "Мақтаралда жасалған"

12:36, 15 мамыр 2017

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам тіршілігіміздің темірқазығына айналуда. Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші, мазмұнды бағдарламаның соңғы, 100-ші қадамы да салмақты. Мұнда негізгі міндет Канаданың «Канада сервис» және Австралияның «Сентелинк» жобасына ұқсас «Азаматтар үшін Үкімет» бағдарламасын жасап, оны іске асыру болып табылады. Бұл орайда жобаның біздегі алғышарттары да нәтижесіз емес. Мәселен, Мақтаралда кәсіпкерлердің дені мемлекеттік қызметтерді бір жерден пайдаланатын болған.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы  бизнес иесінің проблемасын жеңілдетеді. Мұнда тұрғын үйдің нысанына коммерциялық  құрылыс салу, оның құжаттарын рәсімдеу істері әп-сәтте бітеді.

Ержігіт Дінтаев - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық филиалының менеджері

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапа менеджменті - ИСО 9000 сериясына сәйкестендірілуі  Бақыт Қасымбеков сынды азаматтарға тиімді болды.  Бизнесмен бұған дейін өзіне көрсетілген қызметтерге разы. Қолға алған ісі алға басты. 5 тұрғынды жұмыспен қамтыды. Енді тағы да кәсібін ұлғайтпақшы.

Бақыт Қасымбеков - Шағын кәсіпкер

Бұл цехтың шеберлері аз уақыт ішінде мекемелер мен бала-бақшалардан тапсырыс алып, өздерінің жасаған бұйымдарының сапалалығымен ерекшеленіп келеді. Келешекте бірнеше нүктесін ашуға мүмкіндік тумақ.

Нұрсұлтан Тұрлыбеков- Жұмысшы

Ауданда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген шағын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында армандаған кәсібінің жемісін көріп келеді.  Кәсіпкерлік – ел экономикасының серпінді күші. Алға, іскер азамат!

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                        

Тақырып бойынша материалдар

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
18:14, 13 сәуір 2020
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
12:06, 5 сәуір 2019
2025 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНҒА 5 МЛН ТУРИСТ КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...